«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТ, НҰРЫ ТАСЫСЫН!

ПЧ-6 Теміржол мекемесінің басшысы Жанат Күшекбаев пен оның басшылығындағы ұжымға «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз!

Семинар аясында көрсетілген демеушілік – балалар үшін үлкен қуаныш, ал біз үшін жанашырлық пен қолдаудың нақты көрінісі болды. Бұл – тәрбиенің бастауы – балабақшаға деген ерекше қамқорлықтың белгісі. Теміржол саласының қызметкерлері – өз ісіне адал, тәртіпке берік, кәсіби мамандар. Олардың күнделікті тынымсыз еңбегі арқылы жолаушылар діттеген жеріне аман жетіп, жүк тасымалы үздіксіз жүзеге асып келеді.
Ұжымның ұйымшылдығы мен жауапкершілігі – білікті басшы Жанат Төлеуханұлының жетекшілігінің жемісі. Осындай тату, еңбекқор ұжымға тек ризашылығымызды білдіріп, алдағы Теміржолшылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс, бірлік пен береке тілейміз!
Ізгі ниетпен, «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының ұжымы атынан тәрбиеші Г.ЕРМЕКБАЙ, Қандыағаш қаласы.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында көктемгі дала жұмыстары басталғалы 27,5 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

admin_mugalzhar

НАУРЫЗНАМА: ОНКҮНДІК АЯСЫНДА…

admin_mugalzhar

САРАПШЫЛАР КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРДІ

admin_mugalzhar