«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін Қандыағаш локомотив пайдалану депосында жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Теміржолшылар күніне арналған мерекелік шара өтті. Кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиын ұжымдық ауызбіршілік пен еңбекке деген құрметтің көрінісіндей әсер қалдырды.


Шараны депо бастығы Тұрлан Бурамбаев ашып, сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады. Ол өзінің құттықтау сөзінде теміржол саласының мемлекет дамуы үшін маңызын, теміржолшылардың қажырлы еңбегін, тәулік бойы тыным таппайтын қызметін айрықша атап өтті.
Теміржол — ел экономикасының күретамыры, ал сіздер осы жүйенің берік тірегісіздер. Сапалы қызмет, адами жауапкершілік пен кәсіби біліктілік теміржолшылардың басты ұстанымы. Баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін, — деді Тұрлан Қонысбайұлы.
Жиын барысында осы салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, кәсіби шеберлігімен ерекшеленген мамандардың еңбегі еленіп, Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар, мерекелік төсбелгілер және басқа да марапаттар табыс етілді.


1 және 2-класс дәрежелі машинистер арнайы куәлік пен төсбелгі алды. Бұл – олардың біліктілік деңгейі мен қауіпсіз тасымалдағы жауапкершілігін айқындайтын маңызды көрсеткіш.
Мереке аясында зейнет жасына жеткен Базылов Аманшаны ұжым салтанатты түрде құрметтеп шығарып салды. Ұзақ жылғы еңбегі үшін теміржолшыға Алғыс хат беріліп, шапан жабылып, арнайы сыйлық тарту етілді. Сондай-ақ 10, 20 және 30 жылдық үздіксіз еңбек өтілі бар қызметкерлер арнайы алтын, күміс және қола төсбелгілермен марапатталды. Бұл салтанатты сәтте әрбір марапат иесінің қуанышын бөліскен әріптестердің жүзінен мақтаныш пен ризашылықтың лебін байқауға болды.
Мерекелік шара одан әрі спорттық ойындармен жалғасты. Қызметкерлер бірнеше командаға бөлініп, түрлі жарыстарға қатысты. Әр қатысушы тек өзінің күш-жігерін ғана емес, ұжымдық ауызбіршілік пен бірлікті де көрсете білді. Қызықты әрі тартысты өткен жарыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға құнды сыйлықтар табысталды.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде ауданаралық әкімшілік сот ашылды

admin_mugalzhar

Қазақстандықтардың орташа айлығы 200 мың теңгеден асты — зерттеу

admin_mugalzhar

ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.