«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОЙ ҚЫРҚУДАН САЙЫС ӨТТІ

Мұғалжар аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жарық ауылында қой қырқудан жарыс өтті. Шара 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай жарияланған апталық аясында ұйымдастырылып отыр.

Апталықтың үшінші күні — “Кім күшті?” тақырыбымен ұлттық сайыс күні ретінде белгіленген болатын. Сайысқа Қандыағаш қаласынан және Жұрын, Жарық ауылдарынан қатысты. Олар мал шаруашылығына етене жақын, іс-тәжірибесі бар азаматтар. Жарыс барысында қатысушылар шапшаңдық пен шеберліктерін көрсетті. Жүні қырқылған қойдың тазалығы мен уақыты ескерілген жарыс нәтижесінде Бас жүлдені Жарық ауылының тұрғыны Бекнар Ыбыраев жеңіп алды. Ал Қандыағаш қаласының тұрғыны Қуантқан Құлмағамбетов екінші орын, ІІІ орынды Жұрын ауылының тұрғыны Шынболат Мирманов иеленді. Бас жүлдеге спорттық велосипед пен арнайы диплом табысталса, екі қатысушы да назардан тыс қалмай, ынталандыру сыйлықтарын алып, Алғыс хаттармен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

ӘР ҮЙДЕ ГАЗЕТ БОЛУЫ ҚАЖЕТ!

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының азық-түлік тұрақтандыру қорына 4,5 миллиард теңге бөлінді

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.