АУДАНДАҒЫ ШАҒЫН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ МЕКТЕПТЕРДІҢ АХУАЛЫ АЛАҢДАТАДЫ. СЕБЕБІ ОҚУШЫ САНЫ ӨТЕ АЗ. АЙТАЛЫҚ, СТАНДАРТТЫҚ НОРМАТИВКЕ СӘЙКЕС 41 БАЛА ОҚУЫ ТИІС НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕПТЕРДІҢ БІРҚАТАРЫНДА 30- ДАН СӘЛ АСАТЫН ОҚУШЫ ОТЫР. АЛ МАМАНДАРДЫҢ ДЕНІ СОЛ МАҢАЙДАҒЫ АУЫЛДАРДАН ҚАТЫНАП ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ МӘЖБҮР. ӘНЕ-МІНЕ ДЕГЕНШЕ ОҚУ ЖЫЛЫ ДА БАСТАЛАДЫ. БҮГІНДЕ БАЛА САНЫ АЗ БІЛІМ ОРДАЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ОСЫ МӘСЕЛЕНІҢ АЛДЫНАЛУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ. БІРІ АУЫЛҒА КӨШІП КЕЛЕТІН КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫ ІЗДЕСЕ, ЕНДІ БІРІ ЖҰМЫСҚА ТҰРУҒА НИЕТТІ МАМАННЫҢ БАР ЖАҒДАЙЫН ЖАСАМАҚ.
МАҚСАТ – МЕКТЕПТЕРДІ ЖАБУ ЕМЕС, АУЫЛҒА ЖАСТАРДЫ ТАРТУ
Бұл мәселе біздің ауданның ғана емес, еліміздің өзекті мәселесіне айналып отыр. Бүгінде елдегі ауыл мектептерінің саны 5 мыңнан асады, олардың ішінде шағын жинақты мектептердің саны – 2700. Бұған қоса , оқушысы аз, кіріктірілген сыныптардан тұратын, жабылу ықтималдығы жоғары мектептер саны 1000-ға жуықтайды. Бұл — Оқуағарту министрлігінің 2024 жылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізгендегі есебі.
Енді өзіміздің ауданға ойыссақ. Мәселенің мән-жайын білмек ниетте аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжолға хабарластық. Ол мәселенің барын жасырмай, елді-мекендердегі мектептердің ахуалының төмендеуі — онда баратын балалар санының тым аз болуынан екенін тілге тиек етті.
— Бүгінде аудан аумағында жалпы саны 37 білім ошағы болса, оның — 24-і орта, 11-і негізгі орта, ал 2-еуі бастауыш мектеп. Бүгінде ауылдық елді мекендерде орналасқан 5 негізгі орта мектепте оқушы саны өте аз. Себебі шағын ауылдардағы тұрғындардың көпшілігі қалаға үдере көшуде. Бұл үдерісті біз тоқтата алмаймыз. Дегенмен, ауылдағы мектептің жабылмауына әрекет жасап, жұмыстанудамыз. Мектеп директорларына оқу жылының аяғында білім ошақтарында бала санын көбейту бойынша нақты тапсырма бердім. Бүгінде олар өздері басшылық ететін мектепке оқушы тартумен қатар, мамандарды да шақыру жұмыстарын жүргізуде. Біздің мақсатымыз – мектептерді жауып тастау емес, барынша балалар санын көбейтіп, мектепті сақтап қалу. Біз әр жылдың басында үш жылға жоспар құрып, мектептердегі оқушылар санының өсу динамикасын жасаймыз. Егер нәтиже болмай, бала саны жыл сайын азая беретін болса, заңға сай орта мектепті негізгі орта мектепке, негізгі орта мектепті бастауыш мектепке көшіруіміз керек, — деді бөлім басшысы.
Оның сөзінше, бала саны азайып кеткен мектептердің қатарында Ақкемер ауылдық округіне қарасы Көтібар батыр ауылындағы, Ащысай ауылдық округіне қарасты Ақсу ауылындағы, Талдысай ауылдық округіндегі Еңбек ауылындағы, Құмсай ауылындағы, Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округке қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы негізгі орта мектептер бар.
— Елді мекендердегі орта мектептерді ұстап тұру үшін 81 бала, негізгі орта мектепте 41 бала оқуы қажет. Осыны ескерген мектеп директорлары ауылдағы ағайын үшін жүйелі жұмыс атқарып, ауылға көшіп келушілерге жұмыс берумен қатар, тұрғын үймен қамтуды да жоспарлап отыр, — деді Бахраман Аманжолұлы.
Бөлім басшысы жоғарыда аты аталған мектептерде мамандардың да тапшылығын жасырмады. Жастарға мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар жасақталып, мүмкіндіктер берілсе де ауылға барып, жұмыс жасауға ниеттілердің жоғын жеткізді.
—Оқушы саны аз болып отырған мектептер орналасқан ауылдардың өзінде бүгінде түтін саны азайып кеткен. Сонымен бірге ауылда тұратын жастардың қатары тым аз, тіпті жоқ деуге болады. Сондай-ақ бүгінде жастардың көпшілігі ауылға барудан бас тартады. Біз барынша диплом алып келген жас мамандармен сөйлесіп, ауылға жұмыс жасауға үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз. Көпшілігінің барғысы жоқ. Біз мемлекеттік грантпен оқу бітірген жастарды да ауылға баруға міндеттей алмаймыз. Мектепте бала саны аз болғаннан кейін де мұғалімдердің еңбек ақысы азайып кетеді. Сол себепті біз мамандарды қайта даярлап, қосарлы пәндерден сабақ бере алатындай мүмкіндік береміз. Айталық, математикадан сабақ беретін мұғалім қайта даярлау курстарынан өтіп, білім алып, геометриядан, физика пәнінен сабақ беретін мұғалім химия, информатика секілді пәндерден сабақ бере алады, — деді білім бөлімінің басшысы.
5 НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫ САНЫ ЖЕТІСПЕЙДІ
Біз мақала дайындау барысында ахуалы алаңдатқан ауыл мектептеріне хабарластық. Мектеп директорларымен сөйлесіп, мәнжәйға қанықтық. Бәрі де бала санының аз екенін, мамандардың тапшылығын айтып, мектептеріне жабылудан араша сұрады. Бала саны аз мектептер бестігін Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы орта негізгі мектебі бастайды. Бүгінде бұл мектепте бар жоғы 26 бала оқиды. Ал мұғалімдер саны – 15. Мектеп директоры Ақбота Нұрғалиева мектепте оқитын оқушылардың санының азаюына ауыл тұрғындарының қалаға көшуі себеп екенін мәлімдеді.
—Жаңатұрмыс негізгі орта мектебін толық ұстап қалу үшін кемі 41 оқушы болуы керек. Ал бізде бар-жоғы — 26 оқушы. Бұрын мектептегі оқушылардың қатарына мектепалды даярлық тобының балалары кіретін. Бүгінде бұл топтың оқушылары есепке алынбай тұр. Соның салдарынан мектебімізде оқушы саны тым аз. Өткен оқу жылдарында 35-36 оқушы болған еді. Біз ауылымызға көшіп келуші көпбалалы жас отбасыларды іздейміз. Бұл мәселе ауыл тұрғындарын да алаңдатуда. Себебі мектебіміз жабылып қалудың алдында тұр. Ауылға көшіп келушілерге барынша жағдай жасауға тырысамыз. Мектебімізге келіп, жұмыс жасаймын деген мамандарға ауылда бос тұрған екі үй бар. Оның бірі — ауыл әкімдігінің , екіншісі мектептің меншігінде. Мектепте барлық жағдай жасалған. Қазіргі уақытта ауылға интернет желісі қондырылуда. Ауыл көгілдір отынмен қамтылған, — деді мектеп директоры Ақбота Бақытқызы.
Ол мектепте мамандардың да тапшы екенін, қазіргі уақытта аталған мектепте физика, химия, ағылшын пәндерінен сабақ беретін мұғалімдердің және мектепалды даярлық тобының тәрбиешісінің орыны бос тұрғанын тілге тиек етіп, ауылға жұмысқа тұрушы мамандарды шақыратынын жеткізді.
-Мектебіміз жақында ғана күрделі жөндеуден өтті. Мұғалімнің сабағына қажетті құрал жабдықтармен толықтай жасақталған. Мектеп жабдықтары да түгелімен жаңартылған. Ауылға келіп жұмыс жасағысы келетін мамандарға сағаттарын толтырып береміз. Барынша жағдайын жасаймыз. Ауылымыз қоныстануға ыңғайлы. Аудан орталығынан қатты қашықта тұрмаймыз. Мал ұстап, төрт-түлік басын көбейтемін деушілерге де таптырмайтын мүмкіндік, — деді мектеп директоры Ақбота Нұрғалиева.
Ал Талдысай ауылдық округіне қарасты Еңбек ауылының тұрғындары ауыл мектебіне оқушыме нмаманды бүкіл ауыл тұрғындары болып іздеп, әр тұрғын өздерінің әлеуметтік желілеріне жария — лап, ауыл мектебінің болашағына алаңдаушы — лық білдіруде. Еңбек негізгі мектебінің директоры Ардақ Қорғамбекова соңғы жылдары ауылдан көшушілердің қатары көбейіп, соған сай оқушылар санының да азайып кеткенін мәлімдеді.
-Еңбек ауылы аудан орталығынан 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылда тұрып, мал бағамын деген жанға барлық мүмкіндік бар. Ауылға газ кіріп тұр. Бір өкініштісі, ауыл жастары қалаға қарай ағылуда. Сол себепті мектеп жасындағы балалар да азайып, мектебіміздің құлдырау үстінде, жабылып қалу қаупі бар. Сол себепті ауылға мектеп жасындағы балалары бар адамдар шақырып жатырмыз. Мектебімізде барлық кабинеттер интернет желісіне қосылған. Пән кабинеттеріне жаңа құрылғылар жасақталып, лед экрандар қойылды. Сонымен бірге мектеп жанында мектепке дейінгі шағын орталық та жұмыс жасайды. Жаңадан салынған спорт алаңы да бар, — деді ол. Мектеп директоры Ардақ Рамазанқызы мектептегі бос орындарға маман іздейтінін де жеткізді. Осы оқу жылында аталған мектепке 16 сағатпен математика пәнінің мұғалімі және жарты штат бірлігімен мектеп психологі, бір штат бірлігімен кіші қызметкер қажеттігін баяндады.
Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Ащысай ауылдық округіне қарасты Ақсу ауылдық негізгі орта мектебінде де оқушылар саны нормативтік стандартқа сай келмейді . Ақсу негізгі орта мектебінде бүгінде 3 7 оқушы оқиды. Мектеп директорының міндетін атқарушы Ақманат Исбусинова ауыл мектебінде бүгінде 18 маманның жұмыс жасайтынын, дегенмен маман тапшылығының барын жасырмады.
—Мектепте бала санының азаюы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Биылғы оқу жылында мектепалды даярлық тобына 4 оқушы қабылданады күтіп отырмыз. Ондағы орын саны — 10, толымдылығы — 8 бала. Мектеп бойынша білім сапасы жақсы деп айта аламын. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп оқушылары мен мұғалімдердің білім көрсеткіші 67 пайызды құрады. Бізді алаңдатып отырған мәселе – ауылдағы мектепке келетін балалар санының жыл сайын азайып бара жатқандығы. Мектеп – ауыл тірегі, ал мектептің тірегі оқушы екені сөзсіз. Ауыл тұрғындары мектептің жабылғанын құптамайды. Егер мектеп жабылып қалатын болса, ауылдағы өзге балалар қайда барып оқымақ? — деді Ақманат Боранғазықызы.
Ол Ақсу ауылына мектеп жасындағы балалары бар отбасыларды қоныстануға шақырады. Сонымен бірге ауылда орталықтандырылған су жүйесі, электр жарығы, интернет және байланыс желілері толық жұмыс істейтінін жеткізді.
—Ауылда мал ұстап, ата кәсіппен айналысамын деушілерге мүмкіндіктер көп. Бүгінде ауылға көгілдір отын тарту жұмыстары жоспарланып, сметалық құжаттары дайындалып, мақұлданды. Мектепке келіп жұмыс жасағысы келетіндерге бос жұмыс орындары бар. Айталық, биология, химия, орыстілі, музыкапәндеріне мұғалім қажет. Мектеп психологінің орыны да бос тұр. Сонымен бірге мектепке еден жуушы, электрик, күзетші, маусымдық от жағушы аламыз. Барлығының да орыны тұрақты жұмыс орыны. Сондай-ақ ауылға тұрақты жұмыс жасайтын медбике қажет, — деді Ақманат Исбусинова.
Ақкемер ауылдық округіне қарасты Көтібар батыр ауылындағы негізгі орта мектебінің ғимараты өткен жылы бой көтеріп, салынып бітсе де әлі күнге дейін пайдалануға берілмеді. Ауылдықтар 60 орындық жаңа мектептің ашылуын асыға күтіпжүр. Алайда бұл ауылда да мектептегі бала санының жетіспеушілік мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Бұл ауылда да жастар ауылға тұрақтамай, көшіп кетушілердің қарасы көп.
—Ауылымыздың табиғаты өте керемет. Ауылшаруашылығымен айналысамын дегендерге мүмкіндіктер де көп. Аудан орталығынанда алысемес. Округ орталығы Ақкемер ауылынан ауылға дейін асфальт жол төселген. Ауылдың басты мәселесі – мектептегі оқушылардың аздығы. Бүгінде ауыл мектебінде жалпы саны 35 бала оқиды. Ал мектепті ұстап тұру үшін 40-тан жоғары болуы керек. Біз балалар санын көбейту үшін, көп балалы отбасыларды ауылға тұруға шақырып отырмыз. Мектепке психолог, кітапханашы, іс жүргізуші, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері қажет. Мамандарды да жұмысқа шақырамыз, — деді Көтібар батыр атындағы негізгі орта мектебінің директоры Гүлсім Күлжанова.
«Ауылға жастардың тұрақтағысы жоқ. Болашақтарын ауылдан көре алмайды» деп уәж айтқан Құмсай орта мектебінің директоры Шамшат Байбулова мектепте оқитын оқушылардың көпшілігі 9-сынып бітіргенненкейінқалалық жердегі мектептерге ауысып кететінін тілге тиек етті. Оған себеп – ауыл мектебінде маман жеткіліксіз.
—Ауылда тұратын ата-аналар жоғары сыныпта оқитын балаларын ауылдан алып кетіп, аудан орталығына, не болмаса қалалық жерлердегі мектептерге беріп жатады. Себебі оқушылардың ҰБТ-ға дайындалуы керектігін, маманның жоқтығын алға тартады. Орта мектепті сақтап қалу үшін стандарттық нормативке сәйкес, мектепте ең кемі 81 оқушы оқуықажет. Албіздіңмектепті өткен оқу жылының қорытындысы бойынша 72 оқушы аяқтады. Осы оқу жылында 6 баланы 1 сыныпқа келеді деп жоспарлап отырмыз. Мақсатымыз – ауылға көп балалы отбасыларды тартып, мектеп жасындағы балалардың санын көбейту. Осы мақсатта жұмыстанып жатырмыз, — деді мектеп директоры Шамшат Молдағалиқызы.
Ол ауылға келіп, еңбек етемін дейтін білікті мамандарға ауылдан тегін үй, қыстық отын мен соғым беріп, барынша жағдайын жасауға уәде берсе де, келгісі келетін жастардың қатарының аздығына налыды.
—Ауылға келіп жұмыс жасағысы келмейтін жастарды түсінуге тырысамын. Құмсай ауылына қазіргі уақытта жол қатынасы қиын. Ауылда газ да жоқ. Осының бәрін қиынсынатын шығар. Дегенмен, ауылда жұмыс жасап, қаражат жинап, қаладан үйлі болуға мүмкіндіктер барын түсінсе екен. Ауылда еңбек ету арқылы мол тәжірибе жинақтайтынын айтқым келеді. Аудандық білім бөлімінен мемлекеттік грантпен оқып, диплом алған жастардың тізімін алып, ау-ылға жұмысқа шақырғанбыз. Бірақ қай-қайсысының да ауылға келгісі келмейді, — деді ол.
Түйін
Ауыл мектебі – ел болашағының негізі. Ал біздің болашағымыз — жастар. Демек ауылдың өсіп-өркендеуі, дамып қарыштауы жастардың қолында. Ендеше, жас маман, ауылға барып, еңбек етіп, мол мүмкіндіктерге жол ашып, ауыл мәртебесін бірге көтерейік!
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ