«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында аралас үлгідегі «Ainala» оңалту орталығы ашылмақ

Орталық – инклюзия бағытында. Ол Ақтөбе облысының Темір ауданында ашылады деп жоспарланып отыр.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры 2025 жылдың алғашқы алты айында Ақтөбе облысында жүзеге асырылған жобалар туралы есебін ұсынды. Өңірге денсаулық сақтау және инклюзия салаларында қолдау көрсетілді.

Темір ауданының әкімдігі орталықты ашу үшін дайын ғимаратты ұсынды, қор оны жөндеп, инклюзия бағытында жарақтандырып, қажетті құралдармен қамтиды.

Заманауи аралас үлгідегі «Ainala» оңалту орталығында тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық аурулары бар балалар ем ала алады. Жыл сайын мұнда 3 айлық нәрестеден 18 жасқа дейінгі 70 балаға кешенді қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде қордың қолдауымен аутизмі бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталықтары, сондай-ақ жыл сайын шамамен 500 ерекше бала кешенді көмек алатын оңалту орталығы ашылған еді.

Ал 20–24 маусым аралығында өңірге «Саламатты Қазақстан» жылжымалы медициналық пойызы келді. Пойыз Ноғайты, Шұбарқұдық, Қарашоқат, Қотыртас және Мұғалжар елді мекендерінде, сондай-ақ 13–19 шілде аралығында Мәртөк, Ақкемер, Кемпірсай және Әйтеке би ауылдарында аялдады. Жұмыс барысында 6329 тұрғын әртүрлі бейіндегі дәрігерлерден тегін кеңес алды, ал 240 ауыл тұрғыны жоба аясында заңгер мен медиатордан құқықтық көмекке жүгінді.

Жалпы 2020–2025 жылдар аралығында қордың қолдауымен Ақтөбе облысында денсаулық сақтау, білім беру, спорт, әлеуметтік осал топтарды қолдау және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту салаларын қамтитын жалпы сомасы 1,9 млрд теңгені құрайтын 20 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады

admin_mugalzhar

Әйелдерге арналған вагондар тағы үш бағытта қатынай бастады

admin_mugalzhar

АРДАГЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.