«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛУДЕ

ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША, 2024 ЖЫЛЫ МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА 7 ДАЛА ӨРТІ ТІРКЕЛІП, ЖАЛПЫ АУМАҒЫ 158 ГЕКТАР ЖЕРДЕГІ МАЛ АЗЫҒЫ ЖОЙЫЛҒАН.

Күз айларында дала өртінің орын алу қаупі көбейетіндіктен, аудан аумағында алдын алу шаралары күшейтілуде. Әрбір ауылдық округте құрылған ерікті өрт сөндіру жасақтарының қажетті құрал-жабдықтармен және техникалармен толық қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылуда.

Аудан аумағындағы шаруа қожалықтарына тиесілі техникаларда ұшқын шығармайтын арнайы торлар орнатылып, олардың таза әрі жарамды күйде болуы талап етіледі. Сонымен қатар мал шаруашылығымен айналысатын еңбеккерлер мен ауыл тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда Мұғалжар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Атап айтқанда, далалық жерлерде қураған шөптің айналасына от жағуға, әйнек ыдыстарды бей-берекет қалдыруға, сондай-ақ темекі тұқылын толық сөндірмей тастауға қатаң тыйым салынады. Биылғы өрт қауіпті кезең басталғалы екі техника ұшқын сөндіргіштерсіз пайдаланылғандықтан, дала өрті орын алған. Кінәлілердің әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын жеткізді төтенше жағдай бөлімінің мамандары.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ЖЕМ: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

ҰБТ: 478 ТҮЛЕК НИЕТ БІЛДІРГЕН

admin_mugalzhar

Серік Жұманғарин ҚҚС-ты көтеру кімдерге қатысты болмайтынын нақтылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.