«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ұлттық қордың рөлін қайта қарау – қазіргі геоэкономикалық жағдайда өте өзекті қадам

Себебі елдің мұнайға тәуелділігі сақталғанымен, жаңа технологиялар мен жасыл экономика бағытындағы жаһандық трендтер бізден де ілесе әрекет етуді талап етеді. Президент Жолдауында қор қаражаты пайдасы жоқ жобаларға емес, нақты елдің дамуына үлес қосатын бастамаларға бағытталуы керек екенін нақты атап өтті. Бұл дегеніміз – өндірісті жаңғырту, агроөнеркәсіпті озық технологиялармен дамыту, экспорт әлеуетін арттыратын кәсіпорындарға қолдау көрсету. Ұлттық қордың қаражатын стратегиялық тұрғыда пайдалану арқылы біз келешек ұрпақ үшін мықты экономикалық база қалыптастырамыз. Сонымен қатар, қаражаттың әр тиыны тиімді жұмсалуы үшін халықаралық тәжірибеге сүйеніп, сапалы сараптама жүргізу маңызды. Бұл қадам Қазақстанды инвестиция үшін тартымды ел ретінде танытып, бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Ұлттық қорды осылайша қайта құрылымдау елдің тұрақты дамуының кепіліне айналады.

Аманкелді Шунимов, мемлекеттік қызметтің ардагері.

Ұқсас ақпараттар

702 ақтөбелік ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының кезектен тыс сайлауына қатысады

admin_mugalzhar

3 мың қазақстандыққа жалдамалы баспана үшін субсидия беру мақұлданды

admin_mugalzhar

Түрікменстанда Қазақстанның мәдени күндері өтеді

admin_mugalzhar