«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛДА ӘЖЕЛЕР МЕН АНАЛАР АНСАМБЛІ ҚҰРЫЛДЫ

Жуырда Қаракөл ауылдық мәдениет үйі жанынан алғаш рет құрылған «Ақ кимешек» және «Асыл аналар» аналар-әжелер ансамбльдерінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Әжелер мен ақ жаулықты аналардан құралған ансамбль мүшелері сахнаға шығып, халық әндерін орындап, көрермен ықыласына бөленді.
Бұл қос ұжым – ауыл аналарының өнерге, дәстүрге, руханиятқа деген сүйіспеншілігінің көрінісі.
«Ақ кимешек» ансамблі – әжелердің ұлттық киімдегі бата-өсиет пен дәстүрлі халық әндерін насихаттайтын рухани тобы болса, «Асыл аналар» ансамблі – аналар бейнесін, мейірім мен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін өнер ұжымы.
Екі ансамбль де ұрпақ тәрбиесіне, рухани мұраны жалғауға үлес қосатын мәдени бастама ретінде құрылды.

Ұқсас ақпараттар

«MUGALZHAR LIGA» АШЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

admin_mugalzhar

Жазғы мектептің оқу форматы өзгеше болады

admin_mugalzhar

ЖЕМІС-ЖИДЕК — ЖАЗ ДӘМІ: ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

admin_mugalzhar