«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жол көлік оқиғасы көбейіп кетті

Биылғы жылдың соңғы жеті айындағы көрсеткіш бойынша ауданда жол көлік оқиғасы былтырғымен салыстырғанда артып отыр.

Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың жеті айында 6 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам дене жарақатын алып, 1 адам қаза тапты. Ал биылғы жылы 16 жол көлік оқиғасы болып, одан 18 адам жарақаттанып, 4 адам көз жұмған. Жол апаттарының дені аудан аумағындағы республикалық маңызы бар тас жолда болған.

Айта кетейік, өткен аптада Қандыағаш-Ақтөбе тас жолында тағы бір жол көлік оқиғасы болды. Салдарынан 4 адам қаза тауып, өзге жолаушылардың барлығы ауруханаға түсті. Мәлімет бойынша, жол көлік оқиғасына «Lada priora» көлігінің жүргізушісі себеп болған. Ол қатты жылдамдықпен қарсы бетке шығып кетіп, Ақтөбе-Қандыағаш бағытына жолаушылар тасымалдайтын «Ларгус» такси көлігіне соқтығысқан. Қазіргі таңда, істің мән-жайы қаралып жатыр. Бұл оқиғаны қосқанда орын алған жол көлік оқиғасынан адам шығынының саны тіптен көбейіп кетті.

P.S. Жолдағы адам айтқысыз жантүршігерлік апаттардың болып жатқандығы жүргізушілердің жауапсыздығы. Олар өздерінің өмірлерін ғана емес, өздеріне сеніп мінген жолаушылардың да өмірлеріне кесірін тигізіп жатыр. «Қате» дейді. Сақтанып сақ айдап, қателікке жол бермесе, қаперден қателік тумайды. Соны ескеріп, абай болғандарыңыз абзал!  

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

Олимпиада ойындары тарихында Қазақстан ту ұстаушыларының киімі үздік деп танылды

admin_mugalzhar

МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ: ЖҰМЫССЫЗДАР ЖҰМЫС ТАПТЫ

admin_mugalzhar

Қандыағашта «Ұлы дала елі: Алтын Орданың мәдени мұрасы» конференциясы өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.