«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

45 ПӘТЕР САТЫП АЛУ – ЖОСПАРДА

«ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАЛАРҒА ҮЙ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ?», «КЕЗЕГІМІЗДІҢ ЖЫЛЖИТЫН ТҮРІ ЖОҚ», «МҮГЕДЕКТІГІМЕ БАЙЛАНЫСТЫ 1-ШІ ҚАБАТТАН ПӘТЕР КЕРЕК?». ОҚЫРМАНДАР ТАРАПЫНАН ҚОЙЫЛАТЫН БҰЛ СҰРАҚТАР ГАЗЕТІМІЗДІҢ ИНСТАПАРАҚШАСЫНА ЖИІ ЖОЛДАНАДЫ. КӨПТІҢ КӨКЕЙІНДЕ ЖҮРГЕН САУАЛДЫ АУДАН ӘКІМІ ДАРХАН ЕРМАҒАНБЕТОВКЕ ҚОЙДЫҚ.

1583 адам. Бұл аудан бойынша мемлекеттен үй алуға дәмелі жандардың тізімі. Бұлардың арасында үй кезегін 15 жылдан астам уақыт күтіп жүргендер де бар. Бұл аудан әкімі Дархан Жанысқанұлының берген мәліметі.

— Бірнеше жылдан бері аудан аумағынан тұрғын үйлердің салынбағаны баршаға мәлім. Осы жылдың жазында ғана «Нұрлыкөш» мөлтек ауданынан төрт қабатты, 48 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұл құрылысты жеке кәсіпкерлер жүргізуде. Біз осы кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіп, бюджеттен қаржы бөліп, пәтерлерді сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бүгінде 45 пәтер алуға қажетті қаржыны дайындап қойдық. Ал пәтерлерді кезекпен беру құзіреті — «Отбасы банк АҚ» компаниясында. Бұған дейін кезекке тұру үшін тек алты арнайы санат қарастырылған болатын, ал енді бұл шектеулер алынып тасталды, — деді аудан әкімі Дархан Ермағанбетов.

Оның сөзінше, бүгінде жеке кәсіпкерлер тарапынан Ембі қаласынан да 10 пәтерлі екі қабатты үй салынуда. Ал Қандыағаш қаласынан алдағы уақытта тағы да көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін қажетті жер белгіленген. Құрылыс жұмыстарын жеке кәсіпкерлер жүргізеді.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Темір аудандық ауруханасында өрт шығып, отыздан астам адам эвакуацияланды

admin_mugalzhar

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН НАЗАРДА ҰСТАДЫ

admin_mugalzhar

Тұрғын үй кезегі қандай санаттарды қамтиды?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.