Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге беріліп отырған мүмкіндіктер бүгінде ел аумағындағы кәсіпкерлікті жаңа деңгейге көтерудің нақты бағдарына айналды. Шағын және орта бизнесті дамыту, жеңілдетілген несие мен субсидия беру, артық тексерістерді азайту – кәсіпкерлердің еркін әрі ашық жұмыс істеуіне мол мүмкіндік туғызуда. Осы бағытта Мұғалжар ауданында да айтарлықтай оң өзгерістер байқалады. Жергілікті кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдаланып, жаңа жұмыс орындарын ашып, өңір экономикасының өсіміне серпін беріп отыр. Бұл туралы газет журналистерінің дайындаған сараптамалық материалдар топтамасын газетіміздің бірнеше нөмірінен оқисыздар.
АУДАНДА 4461 КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІ ТІРКЕЛГЕН
Мұғалжар ауданында кәсіпкерлікті дамыту бағытында нақты нәтижелер бар. Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар арқылы жаңа кәсіпорындар ашылып, жұмыс орындары көбейіп келеді. Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің кәсіпкерлік секторының меңгерушісі Нұрсұлтан Тайтақовтың айтуынша, 2025 жылдың 1 қазанына дейін аудан бойынша 4 461 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде 349 – заңды тұлға, 3 370 – жеке кәсіпкер, 742 – шаруа қожалығы. Шағын және орта бизнес саласында 7 444 адамеңбек етіп жүр.
— Бүгінде тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 4 259-ы белсенді жұмыс істеп тұр. Бұл – аудан экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді, — дейді маман.

ЖОСПАРДА — «ҚАНДЫАҒАШ» ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫН ҚҰРУ
2024 жылы шағын және орта бизнес субъектілері 55,5 млрд теңгенің өнімін өндірген. Оның ішінде жеке шаруашылық серіктестіктері – 28,4 млрд теңге, жеке кәсіпкерлер – 19,2 млрд теңге, шаруа қожалықтары – 7,8 млрдтеңге көлемінде өнім шығарған. Ал 2025 жылы қазан айына 45 060 млрд теңгенің өнімін өндірген. Ауданның өнеркәсіптік өнім көлемінекелетінболсақ, биылғыжылдың 1 қазанына дейін өнім көлемі 373 238,9 млрд теңгені құраса, өткен жылғы бұл көрсеткіш 281 478,1 млрд теңге болған. Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1 қазан айына 84 710,8 млрд теңгеге жетіп отыр.
—Инвестиция — экономикалық өсімнің басты қозғаушысы. Қазір “Қандыағаш” арнайы экономикалық аймағын құру бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Бұл аймақ іске қосылған жағдайда отандық тауар өндірушілерге үлкен қолдау көрсетіліп, өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік туады, — дейді Нұрсұлтан Даулетханұлы.

Айта кету керек, 2025 жылдың 1 қазанына статистикалық есепке сәйкес бөлшек сауда көлемі 15 835,5 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 175,9 пайызға тең болды. Ал көтерме сауда 25 574,8 млрд теңгеге өсіп, өткен жылмен салыстырғанда 682,3 пайызды көрсетті.
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЮДЕ
Мемлекет тарапынан бизнесті қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асуда. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы, сондай-ақ 2021– 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2025 жылдың қаңтарынан 1 қазанына дейін аудан бойынша 11 кәсіпкердің жобасы субсидия алуға мақұлданып, жалпы 473 047 млн теңге несие берілген. Ал 2 кәсіпкердіңжобасы кепілдік алу бойынша 41 млн теңгеге мақұлданған. Сонымен қатар «Өрлеу» бағдарламасы аясында ауданның 2 азаматы инвестициялық бағытта жалпы 205 млн теңге (өндеу өнеркәсібі, жылжымайтын мүлік) көлемінде қаржы алған.
—Бұл бағдарламалар кәсіпкерлерге нақты демеу болып отыр. Субсидиялар мен жеңілдетілген несиелердің арқасында жаңа жобалар іске асып, жергілікті өндіріс жанданып келеді, — дейді бөлімнің бас маманы.

«Даму» қоры жеңілдетілген несие беру шеңберінде кәсіпкерлерді қолдайтын жаңа «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫ аясында 750 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу көзделген, оның 300 млрд теңгесін қор бөледі, ал 450 млрд теңгесін екінші деңгейлі банктер бірлесіп қаржыландырады. Бағдарламаға микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Қаражат келесі мақсаттарға беріледі: инвестициялық жобаларға – 7 млрд теңгеге дейін және айналым қаражатын толықтыруға – 3,5 млрд теңге. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,6%-дан аспайды. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру мерзімі – 10 жылға дейін; айналым қаражатын толықтыруға – 36 айға дейін беріледі. Бағдарлама аясында қайта қаржыландыру көзделген. Бірақ ол 2025 1 қаңтарынан бастап берілген несиелерге ғана қарастырылған. Несиелеудің басым салалары: өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау.
“БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2025» — бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Біріңғай бағдарлама 4 бағытты қамтиды: моноқалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау; экономиканың және өңдеу өнеркәсібінің басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салалық қолдау; кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету; кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржылық емес шаралар.
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАНА МА?
Бүгінде қай салада болмасын бағаныңөсуі – көпті алаңдататыны жасырын емес. Айлығын шайлығына жеткізе алмай жүрген жұрт қымбатшылықтың қысып бара жатқанын айтуда. Осы жердежауапты маманнан 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына қойылатын бақылау туралы сұрадық.
— Кәсіпкерлер тек табыс табушы ғана емес, әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін азаматтар болуы тиіс. Бағаны ұстап тұру, тазалық пен тәртіпке атсалысу — ортақміндет. Осымақсатта 2025 жылдың 27 қаңтарында аудан аумағындағы 135 кәсіпкермен меморандумға қол қойылып, азықтүлік бағасын тұрақтандыру жөнінде өзара ынтымақтастық орнатылды. Кәсіпкерлік бөлімі тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға тұрақтылығын сақтау бойынша жыл басынан бері 76 дүкенге мониторинг жүргізілді, — деді Нұрсұлтан Тайтақов.

КӘСІПКЕРЛІК – ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ
Ауданның кәсіпкерлік саласы жылдан жылға дамып, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артыпкеледі. Бұлтуралы “Атамекен” кәсіпкерлік палатасы Мұғалжар ауданы филиалының директоры Көмекбай Бектұрғанов айтып берді.
— Қазіргі таңда ауданның кәсіпкерлік саласы жаман емес. Кәсіпкерлер санының өсуі байқалып отыр. Әсіресе, мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелердің арқасында көптеген тұрғын өз кәсібін ашып, табыс көзін қалыптастырып келеді.Бүгін де бизнестің белсенділігі негізінен сауда саласында жоғары. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Грант алушылардың басым бөлігі мал және құс өсірумен айналысады, — деді ол.

Көмекбай Бектұрғановтың айтуынша, қала мен ауыл кәсіпкерлігінің бағыттары әртүрлі болғанымен, екеуінің де даму мүмкіндігі зор. Мәселен, қалада қызмет көрсетумен сауда саласына сұраныс көп болса, ауылдық жерлерде мал шаруашылығы мен шағын дүкендер басым.
— «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы аудан кәсіпкерлері барлық мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алады. Біз олардың өтініштерін қарап, қандай бағдарлама тиімді екенін түсіндіріп, банктермен байланысуға көмектесеміз. Ал “Бастау Бизнес” жобасы бойынша оқып, сертификат алған азаматтар грант иегері бола алады. Биылдың өзінде 43 тұрғын қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін бастаған. Олардың арасында фитнес орталығы, мал шаруашылығы, қызмет көрсету сынды бағыттар бар, — дейді ол.

Оның айтуынша, мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлердің арасында кездесетін негізгі қиындық – құжат рәсімдеу мен кепілге қоятын мүлік мәселесі.
— Кейбір кәсіпкерлер үйлерінің құжаттарын рәсімдеп үлгермегендіктен немесе салық бойынша берешегі бар болғандықтан, несие алу кезінде кедергіге тап болады. Біз осындай жағдайларда кеңес беріп, мүмкіндігінше көмек көрсетуге тырысамыз, — деді Көмекбай Бектұрғанов.
Сұхбат барысында филиал басшысы әйелдерге арналған “Бизнестегі әйелдер” жобасына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, “Халық банкімен” бірлесіп жүзеге асырылатын бұл бағдарлама бүгінде жақсы нәтиже беріп жатыр. Шарты бойынша кәсіп 6 айдан кемболмауы керек және сомасына байланысты кепіл мүлкі болуы тиіс. “Атамекен” кәсіпкерлік палатасы Мұғалжар ауданы филиалы директорының айтуынша, палата тек бизнес мәселесімен ғана емес, әлеуметтік бастамаларменд еайналысады.
— Биыл аудан кәсіпкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты. Қорғаныс бөлімінің жанындағы саябаққа жарық шамдар орнатылды, Тәуелсіздік даңғылы бойына скамейкалар мен қоқыс жәшіктері қойылды. Мұның бәрі кәсіпкерлердің өз қаражатымен жасалды, — дейді ол.
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
-Соңғы бірнеше айда ай сайын аудан әкімі мен аудан прокурорының қатысуымен кәсіпкерлерді қабылдау өткізіп келеміз. Онда көтерілетін негізгі мәселе — жер алу мәселесі. Кәсіпкерлер қаланың ішінен жер алып, кәсібін кеңейткісі келеді. Көпбалалы аналар мен осал топтағы азаматтар болса, ғимарат ішінен бір бөлме алып, кәсібін уақытшажүргізугемүмкіндік сұрап келеді. Осындай ұсыныстарды жергілікті билікпен бірлесе отырып қарастырып, шешу жолдарын іздейміз, — деді Көмекбай Қуантайұлы.

Ол несие мәселесінің де назарда екеніне тоқталды. Айтуынша, кәсіпкерлердің көбінің төмен пайызды несие алғысы келетіні айдан анық. Бірақ олардың кейбірінің салықтық қарызы немесе құжаттарының толық болмауы қаржыландыруға кедергі болып отыр. Сол себепті палата тарапынан түсіндіру және кеңес беру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.
— 2026 жылдан бастап қосылған құн салығы (НДС) өсетіні белгілі. Бұл өзгеріс негізінен ірі кәсіпорындарға әсер етеді деп ойлаймын. Шағын және орта бизнеске айтарлықтай ауыртпалық болмайды, — дейді Көмекбай Бектұрғанов.
«БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ негізгі мақсаттары: Қазақстанда әйелдердің кәсіпкерлікке белсенді қатысуын арттыру. Әйелдер басқарған шағын және орта бизнес субъектілеріне (ШОБ) қолдау көрсету: оқыту, консультация, қаржыландыру. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету: әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту. Бағдарламаның негізгі бағыттары: Оқыту және тәлімгерлік: Әйелдерге бизнес басқару, маркетинг, қаржы және нарыққа шығу салаларында білім беру. Қаржылық қолдау: Әйел кәсіпкерлерге несие беру, қаржылық институттардың қа-тысуымен. Мысалы: «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы шеңберінде 2024 жылы 220-ға жуық кәсіпкер әйел қаржыландырылған. Кеңейтужәнеқоғамдастық: Әйел кәсіпкерлерге арналған желілер, конференциялар, форумдар өткізіледі.
САЛЫҚ ТҮСІМІ АРТЫП, АУДАН БЮДЖЕТІ НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ
Салық демекші, мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл Мұғалжар ауданы бойынша салық түсімі жоспарда не дәуір асыра орындалған. 2025 жылға белгіленген жоспар13 750 млрдтеңге болса, бүгінде бұл көрсеткіш 15 482 млрд теңгеге жетіп отыр. Яғни жоспар 1,5 млрд теңгеге артығымен орындалған. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы салықтан бюджетке14 790 млрдтеңгетүсімтүскен. Басқарма басшысының орынбасары Сержан Уаисов бұл жетістікке аудан тұрғындары мен кәсіпкерлердің жауапкершілігі және салық саласындағы цифрландыру жүйесі-нің тиімділігі себеп болғанын айтады.
Бүгінде салық төлеу процесі толығымен онлайн форматқа көшірілді. Бұрынғыдай касса алдында ұзын-сонар кезек күту жоқ. Азаматтар салықты мобильді қосымшалар арқылы төлейді. Бұл уақыт үнемдейді әрі салық төлеу мәдениетін қалыптастырады, — дейді Сержан Уаисов.
Оның айтуынша, аудан бюджетінің негізгі кіріс көздері — мүлік салығы, әлеуметтік салық және жеке табыс салығы (ИПН). Бұл салықтар негізінен ірі кәсіпорындар мен мекемелерден түседі.
— “СНПС-Ақтөбемұнайгаз”, “Алтын Ех” сияқты ірі компаниялар және жергілікті ұйымдар аудан қазынасын толықтыруда маңызды рөл атқарып отыр. Салық түсімдерінің тұрақты болуы аудан экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді, — дейді ол.
Осы түскен қаражаттың қайда жұмсалатыны туралы да басқарма өкілі нақтылап өтті.
— Аудан бюджеті — халыққа қызмет етудің негізгі құралы. Салықтан түскен қаражат жол жөндеу, әлеуметтік нысандар салу, қоғамдық жұмысшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын төлеуге бағытталады. Яғни әрбір төленген теңге — ауданның өркендеуіне қосылған үлес, — дейді Сержан Шабайұлы.
Мемлекеттік кірістер басқармасы “Атамекен” кәсіпкерлер палатасымен де тығыз байланыста жұмыс істейді.
— Кәсіпкерлермен жиі кездесіп, салық жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді түсіндіреміз. Жақында Ембі қаласында семинар өткізіп, салық төлеушілерге жаңа талаптар мен жеңілдіктер туралы баяндадық, — дейді ол.
Басқарма орынбасары кәсіпкерлер арасында кездесетін кейбір заңбұзушылықтарға да тоқталды. — Кейбір кәсіпкерлер табысын төмендетіп көрсетіп, салық сомасын азайтуға тырысады. Мұндай жағдайда біз үш жыл көлемінде бақылау жүргізіп, ескерту хат жолдаймыз. Егер бұзушылық түзетілмесе, айыппұл мен өсімпұл салынады. Бұл шаралар салық тәртібін күшейту үшін қажет, — дейді басқарма өкілі.
Оның айтуынша, тұрғындар да өз құқықтарын қорғау үшін чек талап етуді дағдыға айналдыруы тиіс. — Көпшілік дүкеннен тауар алып, чекті алмай кетеді. Бірақ сапасы көңілінен шықпаса, шағымдана алмайды. Сондықтан чек — тек тұтынушының емес, мемлекеттің де мүддесін қорғайтын құрал, — деп атап өтті ол. Сондай-ақ басқарма тарапынан көлеңкелі кәсіпкерлікке жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Егер кәсіпкер табысын жасырып қалса, кірістер басқармасы тарапынан оған алдымен 30 жұмыс күні ішінде қатесін түзетуге мүмкіндік беріледі. Егер ол орындалмаса, шоттарын бұғаттап, заң аясында шара қолданылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтыңкәсіпкерліктідамытужөніндегі тапсырмалары да салық органдары жұмысына оң әсерін тигізген.
— Президенттің “Тексерістерді тоқтатып, бизнестің жаңа кезеңін таза парақтан бастау” бастамасы — кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік. Біз де бұл бағытта тексеріс санын азайтып, түсіндіру жұмыстарына басымдық беріп келеміз, — деген басқарма өкілі салық төлеу мәдениетінің де жылдан жылға артып келе жатқанына тоқталды. — Қазір аудан халқы мен кәсіпкерлер өз жауапкершілігін түсініп, салықты уақытылы төлейді. Біз өз тарапымыздан барынша әдістемелік көмек көрсетіп, кеңес беруге дайынбыз, — деді Сержан Уаисов.
Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ
