«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тұрғылықты жер бойынша тіркеу тек онлайн форматта жүргізіледі

2025 жылдың 24 қарашасынан бастап тұрғылықты жер бойынша тіркеу тек онлайн форматта жүргізіледі

Қызмет eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында қолжетімді.

Онлайн-тіркеуден өту үшін ЭЦҚ және жеке кабинетке байланған телефон нөмірі (МАБ) қажет. Процедура толық автоматтандырылған, сондықтан қызмет алу уақыты қысқарады. Азаматтар ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында да онлайн тіркеле алады.

Қызмет келесі азаматтарға көрсетіледі:
• ҚР азаматтарына және тұрғын үй иелеріне;
• 18 жастан асқан, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі азаматтардың қорғаншыларына;
• 14–16 жас аралығындағы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне.

14 жасқа дейінгі балалар жеке тіркелмейді — олардың тұрғылықты жері ата-анасының мекенжайымен анықталады.

14–16 жастағы балаларды ата-аналары немесе өкілдері тіркейді.
Әрекетке қабілетсіз ересектерді де қорғаншылары eGov.kz арқылы тіркей алады.

Мемлекеттік жалдамалы тұрғын үй:
Жалдаушы шартта көрсетілген тұлғаларды ғана тіркей алады. Егер өтініш беруші тізімде болмаса, жүйе өтінішті автоматты түрде кері қайтарады.

Егер азамат өзіне тиесілі емес мекенжайға тіркелуге өтініш берсе, үй иесіне 1414 нөмірінен SMS-код жіберіледі. Иесі оны 1 сағат ішінде растауы тиіс.

eGov.kz арқылы тіркелу тәртібі:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз.
2. Азаматтарға → Азаматтық, миграция және иммиграция → Тұрғылықты жері бойынша тіркеу бөліміне кіріңіз.
3. «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.
4. Өтінімді толтырып, ЭЦҚ немесе SMS-кодпен қол қойыңыз.
5. Нәтижені жеке кабинеттен көре аласыз.

eGov Mobile арқылы тіркелу:
1. Қосымшаға кіріп, «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне өтіңіз.
2. «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» → «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу» қызметін таңдаңыз.
3. Деректерді толтырып, тіркеу себебін көрсетіңіз.
4. Қол қою тәсілін таңдаңыз.
5. Өтінім мәртебесін «Хабарламалар» бөлімінен тексеруге болады.

Ескеретін жайт:

Егер тұрғын үйдің иесі немесе үлескері — кәмелетке толмаған бала немесе сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған адам болса, тіркеу тек ХҚКО-да офлайн жүргізіледі.

 

Ұқсас ақпараттар

Әлеуметтік салаға басшы тағайындалды

admin_mugalzhar

ОҚУШЫЛАР ПОЛИЦИЯ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin_mugalzhar

2023 жылы нәрестелерге қойылған ең танымал 10 есім анықталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.