«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа қаулы: Оқушылар мектепке оралады

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері облыстың «қызылдан» «сары» аймаққа өтуіне байланысты қаулы шығарды.

Жаңа құжатқа сәйкес 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптағы бала санын 25-тен асырмай дәстүрлі форматта оқуға, сонымен қатар жалпы білім беру мекемелерінде барлық сынып үшін бөлмедегі бала саны 25-тен аспайтындай етіп аралас форматта оқуға рұқсат етілді.

Сондай-ақ сабақтын тыс уақытта білім беру мекемесі әкімшілігінің рұқсаты бойынша топтағы адам санын 15-тен асырмай оқушыларға жеке білім беру сабақтарын жүргізуге болады.

Жоғарғы және кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының І курс студенттері штаттық оқуға қайта оралады. Алайда білім беру мекемелеріндегі асхананың жұмысына әлі де тыйым салынып тұр.

Санитар дәрігердің қаулысына сәйкес ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат берілді. Облыстық командаларды даярлауға арналған оқу-жаттығу жиындары қайта басталады. Бірақ спортшылар мен жаттықтырушылар коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын қабылдағанын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

Бұған дейін көшедегі азық-түлік саудасының санкцияланған түрлеріне жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сондай-ақ бетпе-бет кездесу арқылы жиындар өткізуге де болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Ұқсас ақпараттар

100 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ КӘСІПТІК ОҚЫТУ КУРСТАРЫНДА БІЛІМ АЛАДЫ

admin_mugalzhar

МЕЙРАМБЕК — ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_mugalzhar

АБАЙ САҒЫНОВ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.