«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жыл басынан бері өңір экономикасына 892 млрд теңге инвестиция тартылды

Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының экономикалық өсімі 103,6% деңгейінде қалыптасты. Жыл басынан бері өңір экономикасына 892 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 129%-ды құрады.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 217 млрд теңгеге артық. Бұл туралы өңір әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Спикер өз сөзінде облыста жүзеге асырылып жатқан бірқатар маңызды жобаларды атап өтті.

«Жаңартылатын энергия саласындағы ірі жоба – ERG компаниясы жүзеге асырған, қуаты 150 мегаватт болатын жел электр станциясы. Сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет «KazFeltec» компаниясының бастамасымен қой жүнін терең өңдейтін және одан құрылыс материалдар шығаратын жаңа цех ашылды. Аталған жобалармен қоса, жыл соңына дейін жалпы құны шамамен 350 млрд теңге болатын 4 жобаны іске асыру жоспарланған», — деді А.Шахаров баспасөз конференциясы барысында.

Сонымен қатар, инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін Ә.Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежай базасында «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы, Хромтау қаласында республикалық маңызы бар «Хромтау» индустриялық аймағы құрылды.

Ұқсас ақпараттар

Президент футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдету қажеттігін айтты

admin_mugalzhar

Оқулықтар 100% цифрлық форматқа көшірілді

admin_mugalzhar

Аустралияда орман өртінен миллиардтаған жануар қырылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.