«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІ ЕСКЕРТЕДІ!

Жем станциясындағы Көліктегі полиция бөлімшесінің қызмет көрсету аумағында “Учаскі” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Іс-шара аясында Жем қаласының тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, теміржол бойында орын алуы мүмкін төтенше тежелулердің алдын алу мақсатында бірқатар маңызды жайттар назарға салынды.
Мамандардың айтуынша, малдың теміржолға шығып кетуі, бөгде адамдардың жол үстінде жүруі, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуы – апаттық жағдайлар мен түрлі құқықбұзушылықтарға алып келетін факторлар.
Теміржол маңындағы елді мекендердің тұрғындарына мал жаю ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі. Еркін жайылған мал пойыздардың төтенше немесе қызметтік тежелуіне себеп болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде адам өміріне қауіп төндіріп, теміржол көлігіне материалдық зиян келтіреді.
ҚР заңнамасына сәйкес, ірі қара малды теміржолдан кемінде 300 метр қашықтықта ғана ұстауға рұқсат етіледі (жайылым қоршалмаған жағдайда).
Аталған “Учаскі” іс-шарасы 1 қыркүйекте басталып, 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Ұқсас ақпараттар

ОНОМАСТИКА АХУАЛЫ ОҢАЛЫП КЕЛЕДІ

admin_mugalzhar

ТАРИХТЫҢ АҚТАҢДАҚ БЕТІНЕН

admin_mugalzhar

1100-ден астам грант алушылар бақылауды күшейткеннен кейін зейнетақы жарналарын аудара бастады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.