Мұғалжар аудандық сотында заңмен бекітілген қоғамдық тәртіпті сақтау, сот төрелігін жүзеге асыруда басқа тұлғалардың тарапынан соттың қызметіне араласуды болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа жағдай тудыратын фактілерді ескерту және алдын алу мақсатында рұқсатнама және объектілік режимі туралы талаптарды мүлтіксіз орындау қамтамасыз етілуде. Сотқа келушілерге, сот мәжілісі залында сот қызметкерлерінің рұқсатынсыз жүруге, сот мәжілісі барысында төрағалық етуші судьяның рұқсатынсыз бейне-жазба және фото түсірім жасалуға, ұялы телефон, пейджер және т.б. байланыс құралдарын қосуға, стендтерден сот құжаттарының үлгілерін алуға болмайды. Сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтірген, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, ғимарат ішінде белгілінген тәртіпті бұзған тұлғалар және судьяның, сот приставы, сот қызметкерінің заңды талаптарын орындамаған жағдайда сотқа келушілер заңмен белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, ғимаратқа кірер алдында күзет басқармасының қызметкеріне, сот приставына өзінің келу мақсатын хабарлауға, күзет қызметкеріне немесе сот приставына жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік мекемедегі бекітілген қызмет тәртібін және қоғамдық орындардаға жүріп-тұру нормаларын сақтауға міндетті.
ҚР ӘҚБтК-нің 653- бабы бойынша процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк).
Әкімшілік жаза ретінде — ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға.
Б.Баимбетов,
Мұғалжар аудандық сотының аға сот приставы.