«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

5 желтоқсан — Халықаралық волонтерлер күні 

Елімізде волонтерлік қозғалыс дамып келеді. Биыл волонтерлік ұйым саны 800-ден асып, белсенділер 300 мыңға жетті.

Қазақстанда 6000 «күміс» волонтер бар. Бастамашыл топтардың саны 3 жарым мыңнан көп. 20 өңірде фронт-офис орналасқан. Қазіргі уақытта Qaz.volunteer.kz платформасы жұмыс істейді. Сол арқылы осы жылы 2800-ден астам өтініш қаралды.

Сондай-ақ волонтерлердің білімі мен дамуына да ерекше көңіл бөлінеді. Жазғы еріктілер мектебін 5 жылда 188 түлек бітірді. Ұлттық волонтерлік жаттықтырушы ретінде 133 адам жұмыс атқарады.

Мемлекет басшысының бастамасымен ТМД волонтерлері форумы құрылды. Бірінші форум 2026 жылы Астанада өтеді. Сонымен қатар БҰҰ тұрақты мақсаттарындағы Халықаралық волонтерлер жылын өткізу үшін Ұлттық ұйымдастыру комитеті құрылды.

Ұқсас ақпараттар

Конституциялық реформа: Президент Тоқаевтың бастамалары шетелдік БАҚ назарында

admin_mugalzhar

Қазақстандықтарға жыл басынан бала күтіміне байланысты қанша жәрдемақы төленді

admin_mugalzhar

«Ақтөбе-Қандыағаш» автожолы: жаңа Алға айналма жолында көлік қозғалысына рұқсат берілді

admin_mugalzhar