«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҰРАҚТЫЛЫҚ МЕКЕНІ

Халықаралық «AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025» инвестициялық форумы аясында Мұғалжар ауданы өз инфрақұрылымын дамыту және энергетикалық тұрақтылығын нығайту бағытында маңызды қадам жасады.

Форум барысында газтурбиналық электр станциясын салу және газды кәдеге жарату технологияларын енгізуді көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құны 300 млн теңге болатын инвестициялық жобаны «Astana Expo Trade LTD» ЖШС жүзеге асыратын болады. Жұмыстардың басталуы 2026 жылға жоспарланған.

Жобаны іске асыру өңірдің энергетикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, 8 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл Мұғалжар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосылған маңызды үлес болмақ.

Аталған жоба мұнай өндіретін өңір үшін ерекше маңызға ие, себебі табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ілеспе газды тиімді кәдеге жарату мәселелері стратегиялық мәнге ие. Газтурбиналық электр станциясының іске қосылуы экологиялық жүктемені азайтып, өндірістік үдерістердің энергия тиімділігін арттырып, аудан кәсіпорындарын тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұқсас ақпараттар

ТАЛДЫСАЙҒА СУ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрілер тізімін қысқартуды жоспарлап отыр

admin_mugalzhar

БІЗ НЕГЕ ҰСАҚТАЛЫП БАРАМЫЗ?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.