«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Үкімет ШОБ кәсіпорындарын жаңғырту үшін лизингтік қаржыландыруды іске қосады

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңдеуші секторлардың ЖІӨ-дегі үлесін одан әрі ұлғайту үшін кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттырып, оларды жаңғырту жұмыстарын, оның ішінде шағын және орта бизнес өндірістерін қайта жабдықтау есебінен ынталандыру керек екенін атап өтті.

«Өнеркәсіп министрлігіне келесі жылдың қаңтар айынан бастап өңдеу өнеркәсібінде өндірістік қуатарды жаңғырту үшін лизингтік қаржыландыруды іске қосуды тапсырамын.

Микро және шағын бизнес өкілдері қосымша кепілдіксіз 300 млн теңгеге дейін өз өндірістерін жаңғырту мүмкіндігіне ие болады.

Өндірісті қайта жабдықтау кәсіпорындардың өнімділігін ұлғайтып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан – бірлік пен келісімнің мекені

admin_mugalzhar

АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТТЕГІ 22 ЖЫЛ

admin_mugalzhar

Қазақстанда 37,8 млн тонна мал азығы дайындалды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.