«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент: Сырттағы ағайынның тарихи отанына оралғанын құптаймын

Бүгін Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген кең көлемді сұхбаты барысында қандастар мәселесі туралы да айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Был­тыр Қазақстанға 16 мыңнан астам қан­дас көшіп келген екен.

«Қандастар мәселесіне келсек. Әрине, мен сырттағы ағайынның тарихи Ота­ны­на оралғанын құптаймын. Бірақ, олар­дың қоғамымызға дұрыс кірігуіне қа­тысты мәселелерді шешу қажет. Был­тыр Қазақстанға 16 мыңнан астам қан­дас көшіп келген. Соның ішінде еңбекке жарамды азаматтардың он бес пайы­зы­ның ғана жоғары білімі бар. Сол себепті кө­бі Қазақстандағы әлеуметтік-эко­но­ми­калық ортаға бейімделу барысында қиын­дықтарға тап болады. Олар негі­зінен Алматы облысының халық көп тұратын аудандары мен ауылдарына жә­не Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына қоныстанған. Орталық және жер­гілікті билік, сондай-ақ, құқық қор­ғау органдары бұл жағдайға назар ау­дару­ға мәжбүр болып отыр», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, ел болашағы жастардың қолыңда.

«Мен былтырғы сұхбатымда Қазақ­стан­да барлық азаматтың құқығы бір­дей екенін, ешкімге ешқандай артық­шы­лық немесе басымдық берілмейтінін айт­тым. Біз өркениетті, әділетті мем­лекет құрып жатырмыз. «Заң үстемдігін» қамтамасыз ету, білімнің сапасын арттыру, мәдениетті болу, аянбай еңбек ету, тәртіпке бас ию және мемлекеттік рә­міздерге құрметпен қарау арқылы ғана осы мақсатқа жетеміз. Еліміздің бо­лашағы дарынды, бастамашыл әрі отан­шыл жастардың қолында. 
Мен мұны үнемі айтып жүремін. Се­бе­бі, Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұр­пақтың жасампаз қуатына сенемін»,  деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

 

 

Ұқсас ақпараттар

Аудандық ауруханаға дауыс беруге арналған жәшік жеткізілді

admin_mugalzhar

Премьер-министр оқушылардың «ауыр сөмке» мәселесін шешуді тапсырды

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.