«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Әйелдерге арналған вагондар тағы үш бағытта қатынай бастады

Ұлттық тасымалдаушы Астана-Семей, Ақтөбе-Алматы, Алматы-Шымкент бағыттарында әйелдерге арналған вагондарды іске қосты. Бұрын бұл вагондар тек 8 бағытта болса, енді олардың саны 11-ге дейін артты, деп хабарлайды Egemen.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі әйелдерге арналған вагондармен жүретін пойыздар тізімін ұсынды. Олар:

— №354/353 «Астана — Семей»,

— №24/23 «Ақтөбе — Алматы»,

— №25/26 «Алматы — Шымкент»,

— №77/78 «Алматы — Маңғыстау»,

— №351/352 «Алматы — Өскемен»,

— №45/46 «Павлодар — Түркістан»,

— №37/38 «Маңғыстау — Семей»,

— №47/48 «Атырау — Астана»,

— №33/34 «Ақтөбе — Алматы-1»,

— №4/3 «Астана — Алматы-2»,

— №71/72 «Астана — Шымкент».

Бұл вагондар алғаш рет 2021 жылы әйелдердің жол жүру кезінде жайлылығын арттыру мақсатында енгізілген болатын. Мұндай вагондардағы билеттердің бағасы қарапайым вагондардағы билеттерден ерекшеленбейді. Алайда әйелдерге арналған вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және олармен бірге жеті жасқа дейінгі ұл балалар ғана саяхаттай алады. Бұл вагондарда тек әйел жолсеріктер жұмыс істейді.

Қызмет іске қосылған сәттен бастап, әйелдерге арналған вагондарға шамамен 342 мың әйел билет сатып алған.

Әйелдерге арналған вагондары бар пойыздардың жаңа бағыттарына билеттерді bilet.railways.kz сайтында және теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында сатып алуға болады. Билеттер болмаған жағдайда жолаушылар ақысыз негізде «Күту парағы» қызметін пайдалана алады.

Ұқсас ақпараттар

ҚОЖАСАЙҒА ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР ЖАСТАРЫ КИЕЛІ ТҮРКІСТАНДА

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫ ҚОЛДАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.