«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Сөзден іске көшу: Үкімет Президент қойған міндеттерді табысты орындау үшін бар күш-жігерін салатын болады

Жалпы алғанда Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламалық сұхбаты Үкімет жұмысының басым бағыттарын айқындап бергенін атап өтті.

Президенттің бағдарламалық сұхбаты таяу болашақта біздің алдымызда тұрған мақсат-міндеттерді айқындап берді. Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар оларды табысты жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салып жұмыс істеуі керек.

Сөзден іске кірісіңіздер. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже берулеріңіз қажет. Ал есеп беру, презентация жасау дегеннің бәрін доғарыңыздар. Нәтиже болмаса, оның бәрі бос әңгіме. Жұмыс істей алмасаңыздар ашық айтыңыздар. Біз бұл мәселені шешеміз, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр орынбасарларына барлық тапсырмалардың орындалу барысын өз бағыттары бойынша үйлестіруді тапсырды.

@KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

КӘСІПКЕРЛІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ 20 286 084 АДАМҒА ЖЕТТІ

admin_mugalzhar

Реформалардың мәні – 3: ХХІ ғасырдағы ұлттың жаңа сапасы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.