«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БҰЛ БАСТАМАНЫ ӨТКЕН ЖЫЛДАН БЕРІ КӨТЕРІП, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ АРНАЙЫ КЕҢЕС ЖҰМЫСЫН ҚҰРДЫ. ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ КҮЗ АЙЫНДА ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАҒАН ЖОЛДАУЫНАН КЕЙІН «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТУРАЛЫ» ЖАҢА ЗАҢ КҮШІНЕ ЕНДІ, СОНЫМЕН ҚАТАР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ДЕ ҚҰРЫЛДЫ. ЕНДІ БҰЛ БАСТАМА ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ? ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ӨМІРІМІЗДІҢ БІР БӨЛШЕГІНЕ АЙНАЛА МА? БҰЛ ТУРАЛЫ ТӨМЕНДЕ ТАРҚАТАМЫЗ.

ЖИ — ТРАНСФОРМАЦИЯ КЕЗЕҢІ
Жасанды интеллект адамның ойлау қабілетіне ұқсайды. Бұл ақпаратты өңдейтін, тапсырмаларды орындай алатын заманауи технология. ЖИ-дің туындыларын атап айтатын болсақ, телефондағы дауыспен басқару, ақылды көліктер, үйдегі робот-шаңсорғыштар, оқу бағдарламаларындағы көмекші жүйелер. Зерттеу нәтижесінде жасанды интеллекттің адамдардың жұмысын жеңілдететініне, уақытты үнемдейтініне және болашақта одан да көп пайда әкелетініне көз жетіп отыр. Бірақ көпшілік адамЖИ-ді дұрыс пайдалану, оны тек жақсы істерге қолдану маңызды екенін естен шығарады. Бұл жоба арқылы жасанды интеллекттің адам өмірінің бір бөлігіне айналғанын және болашақта оның мүмкіндіктері одан да арта түсетіні анық.
Бүгінде әлем елдері жасанды – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР интеллектіні кеңінен қолдануда. Соның ішінде Қытай елінде бұл техниология қарқынды дамуда. Қытайда қазірдің өзінде жасанды интеллект мәселесімен айналысатын бес мыңға жуық компания бар. Сол себепті де ЖИ әлеміне бет бұруымыз жаһандық тәжірибенің айғағы, жаңа заманның талабы іспетті. Қысқасы, ешбір ел қамсыз отырған жоқ. Дамыған елдерде дәрігер-робот, жүргізушісіз такси, робот курьерсынды автоматтанған қызметтердің саны артты. Біздің ел де заман көшінен қалмаудың қамын жасап жатыр. IT саласының сарапшысы, «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының авторы Мейіржан Әуелханұлы «Айқын» газетіне берге сұхбатында «Жасанды интеллект және цифрландыру жылы – еліміздің қазір бір ұраныемес, технологиялық сала болғандықтан, ұрандатуға келмейді, нәтиже тек іспен көрінеді. Бұл шешім – қазіргі бүкіләлемдік геосаяси және экономикалық жағдайдағы өңірлік қажеттілігіміз. Егер ЖИ технология сын алғашқылардың қатарында игеріп үлгермесек, онда мемлекетіміз алдағы он жылда Орта Азияда, Еуразия кеңістігінде де, тіпті әлемде де өзіндік орнынжоғалтып алуы ықтимал» деп өз ойын білдірген. Оның сөзінше, мемлекетіміз бұған дейін децифрландыру жүйесінде әлеуеті жоғары елдердің бірі атанды. Бүгінде еліміз цифрландыру қызметінен ары қарай деректерге негізделген басқару моделіне өтуді басты мақсат етіп отыр. Сонымен қоса, ЖИ жүйесін меңгерудің ұлттық, тілдік негізімізді сақтауға да мүмкіндігі зор. Сарапшылардың айтуынша, 2026 жыл – жасандыинтеллект саласы үшін трансформация кезеңі, бұл технология енді теориялық идеядан шығып, нақты экономикалық көрсеткіштермен, өндірістік шешімдермен және қоғамдағы экономикалық өзгерістермен өлшенетін кезең.
ALATAU CITY: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚАЛАСЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Alatau қаласын заманауи цифрлы орталыққа айналдыру жөнінде бастама көтерді. Мемлекет басшысы бұл өңірдің еліміздегі жаңа іскерлік және технологиялық хабқа айналуы тиіс екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, дамушыелдерде инвестиция мен технологияны тартатын басты нүктелер – алдыңғы қатарлы қалалар. Alatau city еліміздің алғашқы цифрлық қаласы болады Президент бұл жобаның ауқымы ерекше екенін жеткізді. Қазірдің өзінде арнаулы аумақ бөлініп, бастапқы жоспарлау аяқталған, негізгі инфрақұрылым желілері тартылған.
— Менің Қытайға жасаған сапарым кезінде әлемдік деңгейдегі компаниялармен миллиардтаған долларлық келісімдер жасалды. Сол компаниялардың бірі жаһандық технополис Шеньчжень құрылысына қатысқан. Енді дәл осы ұйым Alatau city жобасын жүзеге асыруға тікелей қатысады, — деді Қ.Тоқаев. Мемлекет басшысы он күн ішінде Үкіметке қалаға арнаулы мәрте беберетін Жарлық жобасын әзірлеуді тапсырды. Ал алты айдың ішінде басқару режимі, қаржылық моделі және өзге де маңызды тұстары айқындалған жеке заң қабылдануы тиіс. Alatau city Орталық Азиядағы алғашқы толық цифрлық қала болмақ. Мұнда смарт-сити технологиялары енгізіліп, тауарлар мен қызметтерді криптовалютамен төлеу мүмкіндігі қарастырылады. Жаңа жылдан бастап елдегі ең алғашқы цифрлық қала – Alatau city құрылысы қарқынды жүргізілуде.
МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МҮМКІНДІКТЕР
Жасанды интеллект соңғы жылдары әртүрлі салаларда, соның ішінде медицинада негізгі құралға айналды. AI дамуы диагностиканы жақсартуға, жекелендірілген емдеуге және пациенттердің деректерін басқаруға ықпал етеді. Мамандардың пікірінше, AI қазірдің өзінде медицинада белсенді қолданылады және оның әсері үнемі өсіп келеді. Жасанды интеллектті сәтті қолданудың бірнеше мысалдарын атап көрсететін болсақ, ауруларды диагностикалап қана қоймай, АІ ауруларды ерте сатысында анықтауға көмектеседі екен. Мысалы, машиналық оқыту алгоритмдері медициналық кескіндерді (рентген, МРТ, КТ) талдай алады және ісіктер сияқты патологияларды жоғары дәлдікпен анықтай алатын көрінеді. Екіншісі, жекелендірілген емдеу. Бұлемдеу кезінде AI генетикалық деректерді, пациенттің медициналық тарихын және басқа факторларды талдау негізінде жекелендірілген емдеу жоспарларын жасау үшін қолданылады. Айталық, АІ нау қастың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қатерлі ісік ауруын емдеудің ең тиімді режимдерін ұсына алады екен. АІ дәрі-дәрмектерді әзірлеу кезінде де мол мүмкіндіктерге жол ашады. AI дәрілік заттардың дене жасушаларымен өзара әрекеттесуін модельдеу және ықтимал жана маәсерлерді болжау арқылы бұл процесті жылдамдатуға көмектеседі. Сонымен бірге виртуалды көмекшілердің де қызмет атқарады. Чат-боттар сияқты АІ негізіндегі виртуалды көмекшілер пациенттерге кеңес беру, кездесулерге жазылу және дәрідәрмектерді еске салу үшін қолданылады. Олар медициналық қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді және медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырады.
ЖИ: БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУҒА ЖОЛ АШАДЫ
Бүгінгі таңда жасанды интеллект білім беру саласына үлкен ықпал етуде. Ол оқыту процесін өзгертіп, білім берудің әдіс-тәсілдерін жаңартып, оқушыларға жаңамүмкіндіктер ұсынады. Бұл — осы саладағы сарапшы мамандардың пікірі. Бүгінде AIдің білім беру саласындағы әсері мен қолдану жолдары, оқушыларға жасанды интеллект негіздерін үйретудің тиімді әдістеріжәне оқыту процесінде жасанды интеллектті қолданудың мысалдары қарастырылуда. AI оқытудың мазмұны мен тәсілдерін өзгерте отырып, білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді. AI көмегімен жеке оқыту жолдары жасалып, әр оқушының білім деңгейіне сай оқыту бағдарламалары әзірленуде. AI технологиялары оқыту процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді, бұл мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, оқу сапасын жақсартады.
АI-ді оқытуда ең тиімді әдістердің бірі – практикалық жұмыстар мен жобаларға негізделген оқыту. Оқушыларға AI негізінде түрлі тапсырмалар мен жобалар ұсыну арқылы олардың ойлау қабілетін дамытуға болады. Сонымен қатар, виртуалды оқыту көмекшілері мен автоматтандырылған бағалау жүйелерін пайдалану оқушылардың өздігінен білім алу процесін жеңілдетеді. AI-ді оқу процесінде қолданудың көптеген тиімді мысалдары бар. Олардың бірі – оқыту көмекшілері. AI көмегімен жасалған оқыту көмекшілері оқушыларға тапсырмаларды орындауда көмек көрсетіп, түсініксіз сұрақтарға жауап бере алады. Бұл оқушылардың оқу процесінде үнемі қолдауды қажет ететін оқушыларға үлкен көмек көрсетеді. Жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктері өте кең және оның оқу процесіндегі қолданылуы оқушылардың білімін жақсартуға, оқытудың тиімділігін арттыруға және мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
ПАЙДАСЫ МЕН ҚАУПІ
ЖИ технологиялары бүгінде барлық жерде енгізілуде. Кез келген бизнес, мемлекеттік орган, өндірістік немесе сауда құрылымы, білімберу және медициналық мекемелер, тіпті бір адамның жұмысын автоматтандыру – мұның бәрінде жасанды интеллект қолданылады. Атап айтатын болсақ, банк секторында келушілерге алғашқы қолдау көрсету үшін ЖИ көмекшілер көмекке келеді. Ал маркетинг және сатус аласында ЖИ контент жасауға, CRM-дегі қоңырауларды талдауға, маркетплейстермен жұмысты автоматтандыруға мүмкіндік беруде. ЖИ шығармашылық индустрияға өзгеше серпін әкелуде. Айталық. музыка, суреттер, дизайн және сайттар жасауға жол ашылды. Жасанды интеллекттің артықшылықтарын айтатын болсақ, ЖИ — бизнес пен қоғам үшін көптеген артықшылықтар ұсынады. Ең бастысы, ол тиімділікті арттырып, жұмыс шығындарын азайтты және күнделікті қайталанатын тапсырмаларды 70%-ға автоматтандырады. Соның ішінде деректерді өңдеу, ақпаратты сұрыптау, стандартты сұрақтарға жауап беру, есептер дайындау және мәтіндер жазу бар. Ал қауіпке келер болсақ, біріншіден, нейрондық желілердің галлюцинациялары, яғни олар қате шешімдер қабылдауы мүмкін. Жасанды интеллект жылдам, көп мәселеде адамға қарағанда тезірек шешім қабылдайды, бірақ оларда эмоция жоқ. Бұл кейде пайдалы, кейдезиян. Әсіресе тұтынушылармен байланыс орнату кезінде олардың жанды жерін түсіну үшін сезім керек. Алроботтармұны сезіне де, түсіне де алмайды. Екіншіден, дипфейктер (жасанды интеллекттің көмегімен сурет немесе дауыс жасау әдісі) жасау және жалған ақпарат тарату. Жасанды интеллект ақпараттың шындыққа жанасатындығын тексермейді, сондай-ақ өзі мәліметтерді ойлап табу ықтималы да бар.Үшіншіден, нақты заңнамаға және этикалық нормаларға бағынбайды.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫНА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?
Жасанды интеллекттің пайда болуымен жиі айтылып жүрген тағыбірмәселе, бұл жұмыс орындарының қысқаруы. Автоматтандыру кейбір жұмыс орындарын жоюы мүмкін, бірақ жаңа қызмет түрлерін де тудыруда. Нейрондық желілермен жұмыс істеуді меңгерген адамдар сұранысқа ие маман болады. Мысалы, жасанды интеллект шешімдерін тиімдірек және креативтіететін мамандарға сұраныс артуда. Жасанды интеллект көмегімен бизнес-процестерді автоматтандыру компанияларға қателерді азайтуға және тапсырыстарды өңдеу уақытын жылдамдатуға мүмкіндік береді. Мысалы, әңгімелесулердің нәтижесі автоматты түрде нысандарға толтырылады, чат-боттар 7/24 жұмысістейді, тұтынушылардың қалауларын ескеріп ұсыныстар жасалады, міндеттер ұмытылмайды. Бұл Битрикс24 компаниясы ұсынатын қызметтерінің кейбірі ғана. Ескеретін жәйт, жасанды интеллект толыққанды қызметкер емес, көмекші. Кешенді тапсырмаларды адамның қатысуынсыз жасай алмайды.
Интернет мақалалары арқылы дайындаған: Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

КӨПІРЛЕР УАҚЫТША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Құрылтай – халық пен биліктің арасына көпір

admin_mugalzhar

Қазақстан 34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік келісім жасасты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.