«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰЛТ БОЛАШАҒЫ СӨЗ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ

Ұлттық құрылтай – елдің бірлігін нығайтып, жарқын болашаққа бастайтын маңызды бастама. Ұлттық құрылтай еліміздегі демократияның орнығуына ықпал етіп, халықпен ашық пікірталас пен еркін пікір алмасудың маңызды алаңына айналды. Жыл сайынғыдай, бұл жолы да құрылтайда қоғамдағы негізгі түйткілді мәселелер – әлемдегі ахуал, экономикалық жағдай, әлеуметтік мәселелер жан-жақты талқыланып, нақты бағыт-бағдарын табады деп сенеміз.

Алқалы жиында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев елдің алдағы даму бағыттарын айқындап, қоғамда талқыланған өзекті мәселелер мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси бағдарын қарастырды.

Ұлттық құрылтай ел тұрғындарының кең ауқымды пікірі мен көзқарасы тоғысатын негізгі ұлттық диалог алаңына айналды. Бұл Президенттің жоспарына сәйкес мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтып, Қазақстанның даму жолында нәтижелі де өзара тиімді ынтымақтастыққа септігін тигізеді.

Құрал Байсұлтанов, Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы.

Ұқсас ақпараттар

Су тасқыны орын алған кезден бастап 45 мыңға жуық бала эвакуацияланды

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

МЕДИЦИНА КӘСІБІ — АДАМГЕРШІЛІКТІҢ АСЫЛЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.