«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ДАУАСЫ — ЕКПЕ

Соңғы уақытта ауданда қызылша ауруын жұқтырғандардың қатары көбейген. Жыл басынан бері үш күдікті жағдай тіркеліп, оның біреуі нақтылаған. Бұл туралы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары хабарлады.
Ал өткен жылы осы дертке шалдыққан 4 жағдай тіркелген. Тіркелген 4 жағдайдың 3-еуі 14 жасқа дейінгі балалар арасында кездессе, 1-еуі ересектер арасында анықталған. Аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 6,75-ті құраған. 2024 жылы аудан аумағында қызылшамен сырқаттанғандардың қатары күрт өсіп, 422 жағдай тіркеліп, аурушаңдық көрсеткіші 699,89 деңгейінде болған. Айта кету керек, 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген жағдайдың барлығы қызылшаға қарсы профилактикалық екпе алмағандар арасында анықталған.

-Қызылша – дене қызуының көтерілуімен, ағзаның жалпы улануымен, жоғары тыныс жолдарының зақымдануымен және теріде бөртпенің пайда болуымен сипатталатын жіті жұқпалы инфекциялық ауру. Аурудың бастапқы белгілері ретінде дене қызуының 38–39°С дейін көтерілуі, мұрынныңбітелуі, тамақтың қарлығуы, бас ауруы, құрғақ қатты жөтел, жарыққа сезімталдықтың жоғарылауы, жалпы әлсіздік пен ұйқының бұзылуы байқалады. Сонымен қатар бет пен қабақтың ісінуі, көздің және ауыз қуысы кілегейлі қабығының қызаруы орын алады. Жұқпа көзі – қызылшамен ауырған адам. Ол аурудың клиникалық белгілері пайда болмастан 2 күн бұрын және бөртпе шыққаннан кейін 5 күнге дейін жұқпаны тарата алады, — деді ауданның бас санитариялық дәрігері Ерлан Мұратов.
Ол қызылша ауруының алдын алудың ең тиімді әрі сенімді жолы – вакцинация екенін, уақтылы екпе алу арқылы аурудың таралуының алдын алып, асқыну қаупін азайтуға болаnынын тілге тиек етіп, егер өзіңізде немесе балаңызда қызылшаға тән белгілер байқалса, шұғыл түрде медициналықкөмеккежүгінуқажеттігін, дәрігердің үйге келуін күтіп, өз бетіңізше медициналық ұйымдарға бармау керектігін, өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайтынын қатаң ескертті. — Қызылша – аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Ата-аналар балаларының денсаулығына жауапты екенін ескере отырып, профилактикалық екпелердің уақытылы алынуын қамтамасызетуітиіс. Вакцинация – бала денсаулығын сақтаудың және қоғамдағы инфекциялық аурулардың алдын алудың басты кепілі, — деді ол.
Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

#Тәуелсіздік30: Шілдеде республикалық конкурстар басталады

admin_mugalzhar

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin_mugalzhar

Ералы ТОҒЖАНОВ: «Журналистер көтерген бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.