«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа Конституция мемлекеттіліктің жаңа кезеңнің негізіне айналады

Жаңа Конституция жобасы – Қазақстанның құқықтық дамуының жаңа белесін айқындайтын, мазмұны мен мәні терең құжат. Оның басты ерекшелігі – адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде алғаш рет Преамбулада тікелей жариялануы. Бұл қағидат Конституция мәтінінің әрбір бөлімінде логикалық әрі мазмұндық тұрғыда жалғасын табады.

Аталған реформалар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бір палаталы Парламент құру бастамасының аясында өрбіді. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауында елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуіріндегі әлеуметтік-экономикалық серпінді қамтамасыз ету қажеттілігімен байланыстырды. Осыдан кейін Парламенттік реформаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобы құрылып, оның жұмысына ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері тартылды.

Жаңа Конституция жобасының басты өзегі – адам құқықтарына бағдарланған мемлекет тұжырымдамасы. Бұл құқықтар тек декларативті сипатта емес, бүкіл конституциялық құрылымның мағыналық тірегіне айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция Қазақстанның сенімді түрде болашаққа қадам басқанын көрсететін стратегиялық құжат ретінде бағаланады.

Шамшат Абдірзақов, Мұғалжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде «JumysTAP» жобасы аясында халық көп шоғырланатын жерлерде жұмыс іздеген жастарға кеңес беру-модульдік пункттері ашылды

admin_mugalzhar

Шекарадағы жүк көліктерінің ұзын сонар кезегін жою қажет — Қасым-Жомарт Тоқаев

admin_mugalzhar

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САНАҒЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar