«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ғалымдар өзгерістерді қолдайды

Таяуда Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының (ҚазҰЖҒА) академиктері жаңа Конституция жобасын талқылады.
ҚазҰЖҒА вице-прези­денті, академик Кәрімбек Құр­ман­әли­ев «Ғы­лым және ин­но­ва­ция құн­ды­лықтары – басты бағдар» атты баяндама жасап, Ата заң жобасындағы заманауи ғылым мен сала дәстүріне басымдық беретін баптардың мән-маңызына тоқталды. Конституцияның қоғам талқылауына ұсы­ныл­ған мәтінінде бас­ты идея ретінде ғылым, білім, ин­но­ва­цияның алынуы отан­дық ғылымға сер­пін беретінін айрықша атап өтті. Сондай-ақ
ол адам капиталын дамыту, білімді өркендету, ғылым мен инновацияны ілгерілету еліміздің стратегиялық бағы­ты деп танылғаны еліміз­дің әлемге танылуына, жас­тар­­дың осы салаға келіп, елеулі нәтиже көрсететініне ұжым­ның сенімді екенін жеткізді.

Ғылыми жиында Ұлт­тық жара­тылыстану ғы­лымдары академиясының академиктері Владимир Школь­ник, Ерен­ғайып Омаров, Тілеукен Ахметов, Ержан Көлдеев, Әбдікерім Зейнуллин сөз алып, Консти­ту­­цияның жаңа жобасында алғаш рет Әділетті Қазақстан­­ның заң мен тәртіп ұста­нымы, мемлекетшілдік дәстүр, экологиялық жауап­кер­­шілік байыпталғаны, ғы­лым мен ин­новацияның басты құндылық ретінде айқын­­далғаны – еліміздің идео­­­логиялық парасатын, әлеу­­меттік-экономикалық әле­уе­тін арт­тыруда айрықша кезеңге жол ашы­латынын дәлелмен айтты.

Басқосуда Қазақстан Ұлт­тық жаратылыстану акаде­мия­сының академиктері жаңа Конституцияның жо­ба­сын қолдайтынынын жет­кізіп, мәтіндегі жекелеген баптарды жетілдіруге байланысты ойларын комиссия қарауына жолдағанын хабарлады.

Ұқсас ақпараттар

АЩЫСАЙДА НАУРЫЗ ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

Студенттерге волонтерлік қызметтің әр сағаты үшін 1 мың теңгеден төленеді

admin_mugalzhar

Мемлекеттік қаржы ашықтығы жолында: Онлайн бюджеттік мониторинг жүйесі іске қосылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.