«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Талап КҮШТІ, орындалуы ӘЛСІЗ

Ембі қаласындағы кейбір кәсіпкерлік нысандардың қас-келбеті әлі де қала көркіне келісті болмай тұр. Жергілікті әкімшілік өз меншігіндегі нысандарды реттеуге құлықсыздық танытып отырған кәсіпкерлерге ескерту жасаумен әлек.

Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов бұл мәселені бұған дейін талай мәрте көтеріп, көріксіз кәсіпкерлік нысандарды заман талабына сай жаңғыртқызуды қолға алған еді. Тіпті, мұны жергілікті кәсіпкерлердің өздеріне ұсыныс, тіпті ескерту ретінде де құлақ қағыс қылды. Арнайы комиссия құрылып, кәсіпкерлерді жекелей аралап хабарланып та келеді. Десе де, Ембі қаласында әлі күнге дейін келбеті көрген көзді ұялтатын кәсіпкерлік нысандар бар. Ішін қайдам, әйтеуір, сыртқы қас-келбеті қаланың реңін едәуір қашырып тұр. Ембі қаласы әкімінің орынбасары Қожахмет Сарқұловтың айтуынша, аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлік нысандарды жөнге келтіру жұмыстары биыл көктем айында басталған. Қазіргі таңда, қала бойынша 147 кәсіпкерлік нысанның дені ұсыныс талапты орындап, ғимараттарының қас-келбеттерін жөнге келтірген. Әйтсе де, ірілі-ұсақты кәсіпкерлік нысандар баршылық. Жылдың аяғына дейін барлығы заман талабына сай жаңғыртылады деп сендірді қала әкімінің орынбасары. Құзіреттіліктің шектеулігінен әзіргежергілікті атқарушы биліктің өкілдері талапты орындамай отырған кәсіпкерлерге айыппұл сала алмай, тек  өзгертуге өзара ортақ түсіністікпен жұмыс істеп жатырмыз деп отыр.

-Қала кәсіпкерлері толық құптап отыр. Жылдың аяғында барлығы жөнге келеді. Біздегі бір мәселе тек, сол кәсіпкерлік нысандарға бейне бақылау орнатқызу болып тұр. Бұл қылмыстың алдын алу мақсатында. Бүгінде осыған орай да түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз, — дейді Қожахмет Жанахметұлы.

P.S.Кәсіпкерлік нысандардың келбетінің келісті болуы қала үшін де өз алдына сән. Аудан басшысының кәсіпкерлерді оятып жатқаны да осы мақсатты көздейді. Себебі, қаланың тазалығы тиянақты, көркінің жарасымды болуы ортақ міндет. Қазір Ембі қаласы түгілі, аудан орталығы Қандыағаш қаласында да осы тұрғыда ояна алмай жатқан кәсіпкерлер жетерлік. Жергілікті қала әкімдігі оларды әлі тәртіпке келтіре алмай келеді.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

Мемқызметте басшы лауазымдағы әйелдердің үлесі 40 пайызды құрайды

admin_mugalzhar

Алтынды ауылында жаңа мектеп ашылды

admin_mugalzhar

Үкімет басшысы биыл Ақтөбе-Астрахань автожолы пайдалануға берілетінін айтты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.