«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Олжас Бектенов: өткен жылы Қазақстанда энергия тапшылығы 29%-ға төмендеді

Биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Мемлекет басшысына Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндады.

Олжас Бектенов елімізде электр энергиясының тапшылығы сақталып отырғанын, ол ең жоғары жүктеме кезеңдерінде импорттың есебінен жабылатынын атап өтті.

Өткен жылы тапшылық 29%-ға азайғанымен, ауқымы әлі де үлкен.

Жаңа тариф саясатының нәтижесінде реттеліп көрсетілетін қызметтердегі әділ нарықтық жағдайлар қалпына келуде. Қазіргі уақытта болжамды тарифтер ТКШ саласына жеке инвестицияларды қайта тартуға жол ашты. Мысалы, өткен жылы энергетика саласына 655 млрд теңге инвестиция тартылса, биыл бұл көрсеткіш шамамен 900 млрд теңге деңгейінде болады деп күтілуде. Жалпы алғанда, 2029 жылға қарай электр энергиясын өндіру көлемі 39 млрд киловатт-сағатқа ұлғаяды, — деді Олжаса Бектенов.

Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге және өсіп келе жатқан қуат тапшылығын жабуға арналған стратегиялық жұмысты жүзеге асыру шеңберінде Үкімет 2035 жылға дейін 26 ГВт-тан астам жаңа өндіруші қуаттарды енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізуде, оның ішінде атом және «таза» көмір генерациясын дамытуға баса мән беріледі.

@KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

Динара НҰРҒАЛИЕВА: «ИСЛАМ ДІНІНДЕ ӘЙЕЛДІҢ МӘРТЕБЕСІ ЖОҒАРЫ»

admin_mugalzhar

Макура СЕЙСОВА, Желтоқсан оқиғасына қатысушы: ЖЕЛТОҚСАН ЖАҚЫНДАҒАНДА АЛАЙ-ДҮЛЕЙ КҮЙ КЕШЕМІН

admin_mugalzhar

АЗЫҚ-ТҮЛІК: КӘСІПКЕРЛЕР МЕМОРАНДУМҒА ОТЫРУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.