«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Үкімет арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инфрақұрылымды 100% қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов экономиканың қол жеткізілген өсу жылдамдығы инфрақұрылымды озық қарқынмен дамытуды талап ететінін атап өтті.

Дегенмен арнайы экономикалық аймақтардың өзінде инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз ету деңгейі небәрі 53%-ды, ал индустриялық аймақтарда бұл көрсеткіш 48%-ды құрайды.

Осыған байланысты Үкімет арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инфрақұрылымды жедел дамыту бойынша бірқатар қажетті шешім қабылдауда.

АЭА мен ИА-ны инфрақұрылыммен 100% қамтамасыз ету үшін қажетті шешімдер қабылданды.

Алдағы үш жыл ішінде Ислам даму банкі қаражатын тарту есебінен жаңа өндірістік нысандарға қажетті инфрақұрылым салуға 1 трлн теңге көлемінде инвестициялар тартылатын болады, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

@KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

МАҚСАТ — МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

admin_mugalzhar

Астанада жалпыұлттық референдумды қолдауға арналған концерт өтті

admin_mugalzhar

ЕМХАНАДА ӨТКЕН БІР КҮН…

admin_mugalzhar