«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент Үкіметке жыл соңына дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын толық цифрландыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде медицина саласындағы бюджет қаржысын жымқыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің айтуынша денсаулық сақтау саласында жеке-жеке жұмыс істейтін 30-дан астам ақпараттық жүйені бір-біріне толыққанды байланыстырмаудың салдарынан бюджет қаржысын жымқыру әрекеттері жүзеге асырылған.

«Салалық министрлердің көз алдында бұрын-соңды болмаған ауқымдағы алаяқтық істер жасалғаны таңғалдырады. Оның үстіне бұл әлеуметтік салада орын алып жатыр. Бас прокуратура мен басқа да өкілетті органдар қылмыстың қашан жасалғанына, оны кімдердің жасырғанына қарамастан, істі егжей-тегжейлі тексеріп, ақиқатты анықтауға міндетті. Тергеу процесін өз бақылауымда ұстаймын.

Үкіметке 1 желтоқсанға дейін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмысын аяқтауды тапсырамын. Бұл барлық үдеріске бақылау жасап, басынан аяғына дейін қадағалап отыратын жүйе болуға тиіс.

Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің де барынша ашық болуын қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жалған құжат толтырып, деректерді бұрмалайтын қитұрқы жолдар бар екені анықталды. Мен Ұлттық құрылтайдың отырысында осы мәселеге арнайы тоқталдым. Тағы да айтамын. Бас прокуратура және тиісті құқық қорғау мекемелері барлық жымқыру әрекеттеріне қатысы бар адамдарды заң тұрғысынан жауапқа тартуы қажет.

Білім саласында да неше түрлі алаяқтық әрекеттер бар болып шықты. Заңды бұзған азаматтарды міндетті түрде жазаға тарту керек. Үкіметке жыл соңына дейін Қордың жұмысын толық цифрландыруды тапсырамын. Сонда ғана жұмыс ашық жүргізіледі, ал қаржы тиімді жұмсалады», деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас ақпараттар

«120 балл жинағандарға арнайы грант»: Қазақстанда білім гранттарын бөлудің жаңа механизмі ұсынылды

admin_mugalzhar

МҮГЕДЕКТІКТІ БЕЛГІЛЕУ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.