«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТІҢ ЖЕТІСТІГІ

Ұлттық білім беру жүйесінің басты мақсаты — заман талабына сай білімді де тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру. Осы міндет үдесінен шығып, жылдар бойы оқутәрбие үдерісінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқан білім ошақтарының бірі — Құмжарған шағын жинақталған негізгі орта мектебі.

2023 жылы жаңа ғимаратқа көшкен мектеп бүгінде заман талабына толық сай жабдықталған. Оқу кабинеттері қажетті құралдармен қамтамасыз етіліп, асхана, медбике бөлмесі, спорт залы оқушылар игілігіне қызмет етуде.
Білім ордасындағы қолайлы жағдай — сапалы білім мен саналы тәрбиенің берік негізі. Мектеп директоры Шынар Медеуова 2025 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2026 жылға арнал-ған міндеттер мен жоспарларды ауыл тұрғындары мен ата-аналар алдында баяндады. Жыл сайын өткізілетін пәндік олимпиадаларда мектеп оқушылары табысты нәтижелер көрсетіп келеді. Биылғы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 9-сынып оқушысы Ерке Рүстемқызы қазақ тіл мен әдебиеті пәнінен III орынды иеленіп, жетекшісі Шынар Жабаеваның еңбегі ақталды. Ал химия пәнінен Альбина Мырзабаева мақтау қағазымен марапатталып, ұстазы Ақтоты Жабаеваның кәсіби шеберлігі тағы бір мәрте дәлелденді. Нәтижесінде Құмжарған шағын жинақталған негізгі орта мектебі аудан бойынша командалық I орынды жеңіп алды. Бұл жетістіктер — ұстаздар қауымының тынымсыз ізденісі мен кәсіби біліктілігінің айқын көрінісі. Әр оқушының қабілетін танып, дарындылығын дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген педагогтер білім бәйгесінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт тәрбиелеуде. Шағын жинақталған мектеп болса да, іргелі істерімен дараланып, ауыл білімінің абыройын асқақтатып келеді.
Ботагөз ӘЛКЕНОВА, ардагер ұстаз

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда қай көліктің жүруіне тыйым салынатыны белгілі болды

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНЕ ҚҰРМЕТІМ ШЕКСІЗ!

admin_mugalzhar

Правительственная рабочая группа в ВКО: посещение больниц, встречи с населением

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.