«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

2026 жылғы 1 наурызда Мұғалжар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 наурыздағы шешімі негізінде «AMANAT» партиясының атынан ұсынылған Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы Мұғалжар ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Әлімжан Өмірсерікұлы 1968 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1994 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек жолын Шалқар ауданында жұмысшы болып бастаған. Кейін Шалқар ауданы Талдықұм орта мектебінде мұғалім, мектеп директоры, Ембі қалалық №49 орта мектебінің директоры, Ембі қалалық №7 орта мектебінің директоры, Ембі қаласы әкімінің орынбасары, Жем, Ембі, Қандыағаш қалаларының әкімі, Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2022 жылдан бастап осы күнге дейін Мұғалжар ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.

Аудан басшысы Дархан Ермағанбетов жаңадан сайланған Әлімжан Өмірсерікұлының жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

1856 жас «Жасыл ел» жасағына жұмысқа тартылады

admin_mugalzhar

Жақсы өнім алуға мүмкіндік бар

admin_mugalzhar

АТА ЗАҢҒА ӨЗГЕРІС — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.