«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАЛДЫСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

2026 жылғы 1 наурызда Талдысай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 наурыздағы шешімі негізінде өзін-өзі тәртібімен ұсынылған Мұханов Айбек Алиханұлы Талдысай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Айбек Мұханов 1973 жылы Талдысай ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Ақтөбе политехникалық колледжін «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», 2004 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Талдысай орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, Талдысай орта мектебінің директоры қызметтерін атқарған. 2022 жылдан бастап Талдысай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.

Ұқсас ақпараттар

ҚҰМСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

Адвокатураның құқықтық мәртебесі Конституцияда алғаш рет бекітіледі

admin_mugalzhar

«НҰР КӨРШІЛЕР» МЕЙРАМДЫ АТАП ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.