«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

10 460 БАЛАҒА МАНТУ СЫНАМАСЫ ҚОЙЫЛДЫ

Аудан аумағында туберкулездің алдын алу мақсатында айлық өтті. Аталған шара аясында ауданда санитариялық мамандардың қатысуымен туберкулез ауруының профилактикасы туралы тұрғындар арасында түсіндіру және алдын алу шаралары жүргізілуде.

Мамандардың айтуынша, 2025 жылы ауданда туберкулез ауруының 9 жаңа жағдайы тіркелген. Оның ішінде Ембі қаласында 2 жағдай, Қандыағаш қаласында 7 жағдай анықталды. 2024 жылмен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші11жағдайғатөмендеген. Жаңа анықталған науқастардың 8 жағдайы ересек адамдар және жасөспірімдер арасында 1 жағдай анықталған.

-Балалар арасында туберкулез ауруын ерте анықтау мақсатында манту сынамасы жүргізілді. 2025 жылдың 12 айында жоспарланған 11119 баланың 10460-ына манту сынамасы салынып, қамтылу көрсеткіші 94,1% құрады. Сонымен қатар жаңа туған нәрестелерді туберкулезге қарсы БЦЖ екпесімен қамту жұмыстары жүргізіліп, 94,3% құрады. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш аудан бойынша 98,9% болған. 2025 жылы аудан бойынша жоспарланған 17123 тұрғын флюорографиялық тексеруден өтуі тиісболса, нақты17125 адам тексеріліп, қамтылу көрсеткіші 100% құрады, — деді Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов.

Оның сөзінше, жүргізілген талдау нәтижелері ата-аналар тарапынан екпеден бас тарту жағдайларының туберкулез ауруының алдын алу шараларының тиімділігіне және манту сынамасынанбас тартужағдайлары балалар арасында туберкулез ауруын ерте анықтауға кері әсерін тигізеді екен.

— Туберкулез ауруынан туындайтын қатерді ескеріп, аудан тұрғындарын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, профилактикалық тексерулерден уақытылыөтугешақырып, балаларға манту сынамасын қоюдың және жаңа туған нәрестелерге БЦЖ екпесін алудың маңызды екенін айтқым келеді, — деді ол.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

КӘСІПКЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Этномедиация — қоғамды тұрақтылыққа жетелейтін көпір

admin_mugalzhar

2024 жылы зейнетақы жинағын кімдер ала алады?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.