«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бүгінде бүкіл ел көлемінде кең қолдау тауып келеді. Бұл бастама елінің болашағына бейжай қарамайтын, белсенді азаматтарды біріктіруде. Өз туған жерінің көркеюіне үлес қосуға ниетті жандардың қатарынан Қандыағаш қаласының кәсіпкерлері де табылды.
Атап айтқанда, акция аясында кәсіпкерлер палатасының аудандық кәсіпкерлер кеңесінің ұйымдастыруымен қаланың көрікті жерлерін абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Кеңес төрағасы Қанат Айбосыновтың бастамасын қолдаған жергілікті кәсіпкерлер соғыс ардагерлері саябағына биіктігі 8 метрлік, барлық бағытты қамтитын жарық шамдары бар әмбебап шам бағанасын толық жабдықтарымен орнатып берді.
Сонымен қатар, қала тұрғындарының серуендеуге жиі келетін орны — Тәуелсіздік даңғылындағы аллеяға төрт демалыс орындықтары мен қоқыс жәшіктері орнатылып, тазалық пен жайлылыққа жол ашылды.
Бұл — бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігінің айқын үлгісі.
Аудандық кәсіпкерлер палатасы атынан осы игі іске үлес қосқан әр кәсіпкерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Бұл бастама өзгелерге де үлгі болары сөзсіз.
Құрметті кәсіпкерлер! Таза, жайлы әрі гүлденген орта — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Өз мекенімізге жанашырлық танытып, «Таза Қазақстан» бастамасына белсенді атсалысуға шақырамыз!
#ТазаҚазақстан #Қандыағаш #ЭкологиялықАкция #БизнесЖауапкершілігі #ЖасылҚазақстан #ТазаҚала