«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты

✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының ресми түрде ашылу рәсіміне қатысты.

✔️Салтанатты іс-шарада Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөз сөйледі.

✔️Сондай-ақ форум жұмысына Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова, Молдова Президенті Майя Санду, Сирия Президенті Ахмед Аш-Шараа, Бурунди Президенті Эварист Ндайишимийе, Конго Демократиялық Республикасы Президенті Феликс Чисекеди, Босния және Герцеговина Төралқасының Төрағасы Денис Бечирович, Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе және басқа да делегация басшылары қатысты.

✔️Анталия дипломатиялық форумы – жыл сайын жоғары деңгейде өтетін халықаралық пікірталас алаңы. Іс-шара саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосады.

✔️Сонымен қатар форум екіжақты және көпжақты байланыстарға, саяси консультациялар мен бейресми кездесулерге арналған тиімді платформа саналады.

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас ақпараттар

«Әділет» саяси партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті

admin_mugalzhar

ЕЛІМІЗДЕ 100 ФУТБОЛ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

admin_mugalzhar

iPhone үшін WhatsApp-та жаңа мүмкіндік пайда болды

admin_mugalzhar