«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАС САРБАЗДАР САПҚА ТҰРДЫ

ОСЫ АПТАДА САҒА ШИЛІ АУЫЛЫНДА АУДАНДЫҚ 5 КҮНДІК ӘСКЕРИ-ДАЛАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ. ЖИЫНҒА АУДАННЫҢ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАТЫСЫП, АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫН БАСТАДЫ.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов жас сарбаздарға сәттілік тілеп, әскери-патри оттық тәрбиенің маңыз дылығына тоқталды. Сонымен қатар жиынға қатысушы 233 оқушы сап түзеп, Отан алдындағы жауапкершілік пен тәртіптің маңызын сезінді.

Салтанатты кеште патриоттық әндер шырқалып, Отанға деген сүйіспеншілікпен елге қызмет ету рухы насихатталды. Әскери әуендер жиынның маңызын арттырып, қатысушыларға ерекше рух сыйлады. 5 күнге жоспарланған әскери-далалық оқу-жаттығу жиынында оқушылар алғашқы әскери дайындық бойынша тәжірибелік сабақтардан өтіп, саптық дайындық, қауіпсіздік ережелері және әскери машықтар бойынша білімдерін шыңдайды.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Ғалымдар жүрекке пайдалы тағамды атады

admin_mugalzhar

35445 АДАМ ВАКЦИНА АЛСА, 18350 АДАМ РЕВАКЦИНАДАН ӨТТІ

admin_mugalzhar

Цифрлық штаб Президент Жолдауын орындау үшін бірқатар шешімдер қабылдады

admin_mugalzhar