21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
“Жақсыны көрмекке” дегендей, әдемілікке жанымыз жақын, рухани азық болар дүниеге сусап жүретін, ән мен жырды сүйетін, өнерді бағалайтын халықпыз. Әдетте сол өнер өрнегін салған сахнаның ар жағындағы тыныс тіршіліктен бейхабар жан да көрермен — мына біз бен сіз. Мерекелері қарсаңын да осы тылсымға саңылаудан болса да “сығалайық” деп Мұғалжар аудандық мәдениет үйінің бір күндік тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.
Біз барғанда өнер мен шығармашылық тоғысқан мекемеде қызу жұмыс қайнап жатыр екен. Бір бөлмеде хореограф балаларға би үйретіп жатса, сахнада алдағы қойылымға дайындық жүріп жатыр. Ал екінші қабатта түрлі іс-шаралардың жоспарын жасап, құжаттармен жұмыс істеп отырған мамандарды көрдік. Мәдениет үйіндегі әр қызметкердің өз міндеті, өз жауапкершілігі бар. Бірі көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін дайындалса, енді бірі мәдени шара лардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысады. Біз олардың әрқайсысымен жеке сөйлесіп, немен айналысатынын, бір күндік жұмысы қалай өтетінін білдік.
ДИРЕКТОР АЛМАТ СМАТОВ
Аудандық мәдениет үйінің директоры Алмат Сматов бұл саланың жауапкершілігі өте жоғары екенін баса айтты. Оның айтуынша, мәдениет саласына кездейсоқ келетін адам ұзақ жұмыс істей алмайды.
— 2010 жылы Ақтөбе қаласындағы Жұбанов музыкалық колледжін тәмамдап, сол жылы Ақтөбе қалалық мәдениет үйінде жұмыс істей бастадым. 2012 жылға дейін сонда еңбек етіп, кейін Қандыағаш қаласына қоныс аудардым. 2012 жылы “Күншуақ” балабақшасында саз жетекшісі болып бір жыл жұмыс істедім. 2013 жылдан бас тап аудандық мәдениет үйіне қызметке келіп, осы мекемеде еңбек етіп келемін, — дейді ол.
Уақыт өте келе жауапты қызмет терге араласып, 2018 жылдың соңында мекеме басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалған Алмат Түгелбайұлы 3 жылдан соң, яғни 2021 жылы аудандық мәдениет үйінің директоры болып ресми түрде тағайындалады. Бүгінде Мұғалжар ауданы бойын ша жалпы 18 мәдениет мекемесі жұмыс істейді. Оның құрамына аудандық мәдениет үйіне қарасты 7 ауылдық мәдениет үйі мен клуб кіреді. Олар: Ақкемер, Ащысай, Талдысай, Жұрын, Көтібар, Еңбек, Сағашилі ауылдық клубтары. Мәдениет саласында жалпы 152 қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде 61-і шығармашылық бағыттағы мамандар. Кәсіби жоғары білімді, арнаулы орта білімді және орта білімді қызметкерлер де осы салада бірге жұмыс атқарып келеді. Аудандық мәдениет үйінің өзінде 31 қызметкер болса, оның 28-і шы ғармашылық бағытта еңбек етеді. Мұнда 8 халықтық ұжым жұмыс жасайды. Олардың қатарында халықтық театр, ұлт аспаптар оркестрі, “Триумф”, “Алтынзер” би топтары, хор ұжымы, “Көзайым” вокал тобы, “Жасын” вокалды-аспапты ансамблі және “Қазына” ардагерлер ансамблі бар. Директордың айтуынша, мәдени ет үйінің ең үлкен мәселелерінің бірі– ғимараттың тарлығы. Соған бай анысты бұрын жұмыс істеп тұрған 16 үйірменің барлығы бірдей жүргізілмей отыр.
— Қазір бізде тек негізгі бағыттағы үйірмелер қалды. Оның ішінде “Алтынзер”, “Триумф” би үйірме лері, вокал және қуыршақ үйірме лері жұмыс істеп тұр. Ата-аналардың сұранысы көбіне би үйірмесіне байланысты, сондықтан оны тоқтатқан жоқпыз. Алдағы уақытта үлкен өзгеріс күтілуде. Аудан орталығынан жаңа 600 орындық мәдениет үйі – өнер орталығы салынады деген жоспар бар. Жобасы дайын. Қазір республикалық бюджеттен қаржы бөлінуін күтіп отырмыз. Егер бұл жоба жүзеге асса, барлық үйірмелерді толық көлемде қайта жандандырамыз, деді директор. Мәдениет саласының ерекшелігі– оның тынымсыз еңбек пен шығар машылықты талап етуінде.- Мәдениет қызметкері – халықтың бос уақытын тиімді өткізуіне, эстетикалық тәрбие беруіне жауап беретін маман. Сонымен қатар салт-дәстүрді, ұлттық құндылықтарды насихаттайды. Бірақ бұл жұмыстың қызығынан қиындығы көп. Біз үшін мереке күндері демалыс емес, керісінше, ең қызу жұмыс кезеңі, — деді Алмат Түгелбайұлы.
Оның айтуынша, мәдениет үйінде көзге көрінбейтін еңбек өте көп. Сценарий жазу, дайындық, іс қағаздары, техникалық жұмыстар – бәрі қатар жүреді. Кейде бір адам бірнеше қызметті қатар атқаруға мәжбүр болады.
— Айта кететін тағы бір мәселе, бізде бірлік жетіспейді, сондық тан бір адам бірнеше істі қатар алып жүреді. Кейде сахнаға шығу, аппарат тасу, баннер ілу сияқты жұмыстарды да өзіміз істейміз. Бірақ ұжымдағы ауызбіршілік бәрін жеңілдетеді, – дейді ол.
Ашық алаңдағы шараларда ауа райының қолайсыздығыда жиі кез деседі. Жаңбыр, боран, жел сияқты жағдайларға қарамастан мәдениет қызметкерлері халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысады. Сұхбат барысында соңғы жылда ры аудан басшылығы тарапынан мәдениет саласына қолдау барын да білдік. Материалдық-техникалық база жаңартылып, көрермен залына жаңа орындықтар қойылған, ауылдық клубтар аппаратурамен жабдықталған, ұлттық аспаптар оркестріне жаңа құралдар алынған.
— Бізді бақытқа кенелтетін ең үлкен нәрсе — көрерменнің қошеметі. Концерт, әрбір шара соңын дағы халықтың көтеріңкі көңіл күйі мен алғысы – біздің еңбегіміздің бағасы, – дейді директор. Сөз соңында ол барлық мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
— Бұл — оңай сала емес. Сырттан қарағанда тек ән айтып, би билейтіндей көрінуі мүмкін. Бірақ оның артында үлкен еңбек, ізденіс, жауапкершілік жатыр. Осы салада шыдап, шын жүректен еңбек етіп жүрген барлық әріптестерімді құттықтаймын, – деді ол.
СЦЕНАРИСТ АНАР САРИНА
Директордың кабинетінен шығып, мәдениет үйінің дәлізімен жүріп келе жатып, оң жағындағы кабинетке көзіміз түсті. Компьютерден бас алмай, қағазбен сценарийге толы папкалар арасында тынымсыз жұмыс істеп отырған апайды байқап, сол жаққа бет алдық. Бұл — Анар Сарина. Ол мәдениет саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ал мәдениет үйінде 2005 жылдан бері әдіскерлік қызмет атқарып, мәдени шаралардың сценарийін жазу, оларды ұйымдастыру жұмыс тарымен айналысады. Яғни ауданда өтетін барлық іс-шараның сапалы өтуіне жауапты жан.
-Өнерпаздарға көңіл бөлу, өткен шараларға хаттама толтыру, жылдық жоспар жасау, оның орын далуын қадағалау – бәрі менің міндетім. Сонымен қатар ауылдық клубтар мен мәдениет үйлеріне әдістемелік көмек көрсетеміз,– дейді өзі. Оның айтуынша, бұл жұмыс сырт көзге жеңіл көрінгенімен, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Кейде жос пардан тыс шаралар туындап, түн ішінде сценарий жазуға тура келетін сәттер де болады. Ол отбасылық өмір мен жұмысты қатар алып жүрудің де оңай еместігін жасырмайды. Көпбалалы ана ретінде барлық жауапкершілікті қатар алып жүру үлкен сабыр мен төзім ділікті қажет етеді.
— Өміріміздің жартысы осы сала да өтті десем, артық емес. Кейде қиындықтар болады, соған қара мастан жұмысты жақсы көріп істейсің. Ең бастысы – өз ісіңе жауапкершілікпен қарау, – дейді ол. Анар Оразбайқызы әріптес жас тарға да үнемі ақыл-кеңесін айтып отырады. Оның басты ұстанымы еңбектен қашпау, жауапкершілікті сезіну.
— Жастарға үнемі жұмыстан қашпаңдар, әр істі тиянақты істеңдер, сонда ғана нәтиже болады деп айтып отырамын, дейді ол күлімсіреп.
ҮЙЛЕСТІРУШІ НҰРШАТ МҰҚАШЕВА
Дәл сол үстелдің жанында тағы бір әдіскер Нұршат Мұқашева да қағаздар мен жоспарларға үңіліп, алдағы мәдени шаралардың дай ындығын пысықтап отыр екен.
— Негізгі менің міндетім жыл басында бекітілетін жоспарға сай барлық мәдени шаралардың ұйым дастырылуы мен өткізілу барысын бақылау. Шарада айтылатын әндер, сахнадағы экранға қойылатын фондар, афиша мәтіндері бәріне жауап беремін. Сонымен қатар байқаулардың ережесін жазу, өткізу талаптарын дайындау да менің міндетіме кіреді, дейді әдіскер.
Оның айтуынша мәдени шараларды ұйымдастыруда ең маңыздысы әр мекемемен тығыз байланыс орнату.
— Бұрын әншілер өз еркімен келіп қатыса беретін. Қазір заман өзгерді, сондықтан көбіне өзіміздің өнерпаздар, мектеп оқушылары, колледж студенттері қатысады. Мәдениет үйіндегі халықтық ұжымдар мен үйірме бишілерін шақырамыз. Сонымен қатар кітапхана, аула клубтары, А.Жұбанов атындағы балалар музыка мектебі, №3 мектеп-гимназия, МГТК колледжімен тығыз жұмыс істей міз, – дейді ол.
Сонымен қатар ол күтпеген жағ дайлардың да жиі кездесетінін жа сырмады.
— Шара, концерт барысында кейде жарық өшіп қалады, кейде жаңбыр жауып, сахнаға су кетеді. Ап паратура істемей қалатын кез дер болады. Сондай кезде жоспар түгел өзгеріп кетеді. Мысалы, Жұбановқа арналған республикалық байқауда таңнан кешке дейін жаңбыр жауып, барлық жоспар бұзылды. Баннерлер, қызыл кілем– бәрі су астында қалды, — дейді әдіскер.
Осындай қиындықтарға қарамастан ұжым бір-бірін қолдап, ортақ шешім қабылдап жұмыс істейді.
— Идеяны бәріміз бірге ойлаймыз. Бір-бірімізбен ақылдасып, ізденеміз. Біздің басты міндетіміз – халыққа рухани тәрбие беру, уақытты тиімді өткізуге жағдай жасау. Сондықтан халықтық ұжымдардың еңбегі өте үлкен, – дейді ол.
Нұршат Мұқашева сахна сыртындағы ең қарбалас сәттерді де тілге тиек етті.
— Кейде өзім бәріне ұрысып, “видеоны қос, музыканы өшір, фанфар ды іске қос” деп айқайлап жүремін. Бірақ бұл жұмыс барысы. Бір бөлмеде 5–6 адам отырып, бір үйдің адамындай болып кеткенбіз. Біз бір-бірімізге түсіністікпен қараймыз. Әйтпесе бұл жұмыс жүрмейді. 26 жылдан бері осы салада еңбек етіп келемін, бұл менің екінші үйім сияқты, – деп түйіндеді сөзін әдіскер.
БИ ЖЕТЕКШІСІ НҰРГҮЛ СУЕСЕНОВА
Дәлізбен жүріп, музыка үні шығып тұрған кабинетке қарай бет алдық. Ішке кірген сәтте би қимылдарының ырғағы мен музыкаға толы ерекше атмосфера бірден сезілді. Бұл – хореографиялық зал екені анық еді. Халықтық “Триумф” би тобының жетекшісі Нұргүл Суесенова бүгінде жүздеген шәкірт тәрбиелеп, ауданның өнер саласына өз үлесін қосып келеді.
— Бізде 8 топ бар. Барлығын кесте бойынша өткіземін. Сабақ барысында алдымен қыздыру жаттығуларын жасаймыз, кейін гимна стикалық және диагональдық жаттығуларды орындаймыз. Одан соң би қимылдарын пысықтаймыз, — дейді ол.
Қазіргі таңда би ұжымы үлкен байқауға дайындық үстінде.
— Келесі айда Ақтау қаласына барамыз. Біз үшін ең бастысы тәртіп пен жауапкершілік. Биші ең алдымен өзіне сенімді болуы керек, әрі шыдамдылық қажет, – дейді хореограф. Шығармашылыққа толы жұмыста қиял мен жылдам шешім қабылдау да маңызды.
— Бір қойылымды кейде бір сағат тың ішінде ойлап шығарамын. Егер ойыма бір компазиция келсе, соны тез арада сахнаға лайықтап қоямын, — дейді жетекші.
Бүгінде оның қарамағында 178 биші бар. Олар 8 топқа бөлініп, жас ерекшеліктеріне қарай жаттығу жасайды. Ең кішкентай тәрбиеленушілер 2,5 жастан болса, ең үлкені 18-де.
— Мәдениет үйінің қолдауы өте көп, ата-аналардың да көмегі ерек ше. Бұл – үлкен ұжымдық еңбек, дейді ол. Өзі бала кезінен биші болуды армандаған кейіпкеріміз бүгінде 11 жылдан бері хореограф болып еңбек етіп келеді. Ал аудандық мәдениет үйінде жұмыс істеп жүргеніне бір жылға жуық уақыт болған.
РЕЖИССЕР АЙНАГҮЛ МУСИНА
Би залынан тіке өткенде үлкен сахна залына жол түседі. Дәл осы сәтте сахнада кезекті қойылымға дайындық қызу жүріп жатты. Жарық, деко рация, актерлердің дайындығы бәрі бір арнаға тоғысқан шығарма шылық сәт. Осы ұлы өнердің басын да көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан режиссер Айнагүл Мусина тұр. Ол аудан тарихында алғаш бо лып әуесқой театрдың іргетасын қалаған жанның бірі.
— Ауданға 2000 жылы келіп, мәдениет үйіне әдіскер болып жұмысқа орналастым. 2001 жылы Жұбаныш Көшербаевтың бастамасы мен Мұқағали Мақатаевтың 70 жылдығына орай алғаш рет әуесқой театр құрылды. Сол кезде “Қош махаббат” атты қойылым мен бастадық. Құрамында кітап ханашылар, мектеп мұғалімдері, әріптестер болды, – дейді ол.
Осылайша алғашқы қадамдар жасалып, кейін “Құралай сұлу” сияқты қойылымдар сахналана бастай ды. Ол кездері техника да, компьютер де болмағанын айтқан режиссер шығармаларды кітаптан қолмен көшіріп, сахнаға бейімдеп отырғанын еске алады.
— Біз кәсіби театр емеспіз. Қойылымдарымыз 30-40 минуттан аспайды. Халықты жалықтырмау үшін қысқа форматта қоямыз. Ба стапқы кезде театр дегеннің не екенін өзіміз де толық білмедік. Бірақ соған қарамастан, бүгінге дейін 25 жыл бойы театр жұмыс істеп келеді, – дейді режиссер. Халықтық театр жылдар өте келе түрлі байқаулардың жеңімпазы атанып, ауданның беделін көтерген ұжымға айналған. Режиссердің өзі де мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін 2023 жылы “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісін алған. Бүгінде театр жұмысы тек сахналық қойылыммен шектелмейді. Жыл басында жоспар құрылып, соған сәйкес спектакльдер таңдалады, рөлдер бөлінеді. Әр кейіпкер ак тердің мінезіне қарай беріледі. Режиссер үшін ең маңыздысы тіл тазалығы, дауыс ырғағы және актерлік шеберлік. Ол әсіресе тіл мәдениетіне ерекше мән береді.
— Тілге мән береміз. Өкінішке қарай, кейбір жастар “ң” мен “н”-ді ажырата алмай жатады. Бұл үлкен мәселе және содан қатты қорқамын – дейді ол.
Сонымен қатар реквизит пен костюм дайындау да оңай емес екенін айтты. Кейде қажет бұйымдарды табу қиын болғандықтан, ұжым мүшелері өз үйлерінен қажетті зат тарды алып келіпте қолданады.
— Біреуі үйінен диванын, енді біреуі үстелін әкеледі. Бізде бюджет көп емес, сондықтан барлығын өз күшімізбен жинаймыз. Осы ауыз біршіліктің арқасында жұмыс жүріп жатыр, – дейді режиссер. Халықтық театр бір қойылымды дайындауға орта есеппен 2 айдай уақыт жұмсайды. Бірақ мәдени ша ралармен қатар жұмыс істейтіндік тен, дайындық мерзімі кейде 3–4 айға дейін созылып кетеді.- Біз тек театрмен емес, түрлі мәдени шаралармен де айналыса мыз. Кейде жоспар бұзылып, дайындық тоқтап қалады. Бірақ со ған қарамастан жұмыс жалғасады,– дейді ол.
Айнагүл Мусинаның айтуынша, ұжымдағы әртістердің көпшілігі кәсіби актерлер емес екен. Олардың қатарында зейнеткерлер, орта буын өкілдері және жастар бар. Соған қарамастан, олар аудан мәдени етінің дамуына үлкен үлес қосып ке леді.- Бұл кісілердің бәрі айлық алмайды. Тек өнер үшін, халық үшін жұмыс істейді. Сол үшін ұжымға үлкен алғыс айтамын, – деп түйіндеді сөзін режиссер.
Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

