«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тәуелсіздік сарайында Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысын өзі күтіп алды.

Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшақтары Ресей туын бейнелейтін ақ, көк және қызыл түсті жолақтардан із тастап ұшты.
Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Ұқсас ақпараттар

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТСІЗ ТОПТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ҚАМТУ – МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

Жаңа Конституция жобасы құқықтық дәлдікті қамтамасыз етеді – Құралай Садықова

admin_mugalzhar

РУХАНИ БАЙЛЫҚҚА НАЗАР АУДАРЫЛСА ЕКЕН…

admin_mugalzhar