«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Экологиялық мәдениет пен қоғамдық тәртіп қатар дамуы керек — Президент

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Мемлекет басшысы заң мен тәртіпке құрметпен қарау – ең алдымен жауапкершілік сезімі жоғары азаматтарға тән айрықша болмыс екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Осы тұста мен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына байланысты тағы да атап өткім келеді. Қалалар мен ауылдарды көркейту, аумақтарды көгалдандыру жұмысына әрдайым ерекше мән беру қажет. Сондай-ақ экологиялық мәдениетті көтеру мәселесіне көңіл бөлген жөн. Әсіресе, адамдардың туристік нысандар мен табиғат аясындағы тәртібіне айрықша назар аудару маңызды. Тәртіп бұзғандарды, яғни, вандалдарды заңға сәйкес жауапқа тарту қажет. Бір сөзбен, құқықтық нигилизмге қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Заң мен тәртіпке құрметпен қарау дегеніміз — жазадан қорқу емес, бұл — ең алдымен жауапкершілік сезімі жоғары азаматтарға тән айрықша болмыс. Осы маңызды дүниені дұрыс түсінген жөн, — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қақтығысқа толы заманда елімізге татулық пен тұрақтылық ауадай қажет екенін тағы бір мәрте еске салды.

— Қазіргі бұлыңғыр, әскери қақтығысқа толы заманда елімізге татулық пен тұрақтылық ауадай қажет. Онсыз ешқандай реформа, жалпы оң өзгеріс болмайды. Сондықтан құқық қорғау мекемелері заң бұзушылықтарға қатаң шаралар мен жазаларды қолдануы керек.

Кейбір елімізді жақтырмайтын, менсінбейтін кісілер, өкінішке қарай, солардың ішінде Парламент депутаттары бар, құқықтық әрекеттерімізді «Штрафстан», «Айыппұлстан» деп атайды екен. Мейлі, өз ойларының келтелігін көрсете берсін.

Ал халқымызға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік керек. Сондықтан біз осы жолдан таймаймыз, батыл түрде «Заң мен тәртіп» саясатын жүргіземіз. Себебі бұл — халқымыздың талабы, халқымыздың сұранысы. Бүкіл қоғам да, әкімдер де бұл мәселеге баса назар аударуы керек, — деді Тоқаев.

Ұқсас ақпараттар

Ахмет Байтұрсынұлы туралы жаңа фильм жарыққа шығады

admin_mugalzhar

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ӨЗЕКТІ

admin_mugalzhar

Шалғай аудандарды интернетпен қамтуға британдық One Web компаниясы атсалысады

admin_mugalzhar