КӨПТЕН КҮТКЕН ҚОНЫС ТОЙЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ ҚАНДЫА ҒАШ ТҰРҒЫНДАРЫН БІР СЕРПІЛТІП ТАСТА ДЫ. ЖАҢА БАСПАНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН 48 ОТБАСЫ ҮШІН БҰЛ КҮН ЕРЕКШЕ ЕСТЕ ҚАЛМАҚ. ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ КІЛТ ТАБЫ СТАҒАН АУДАН ӘКІМІ ДАРХАН ЕРМАҒАНБЕ ТОВ ОЛАРДЫҢ ЖАҢА ШАҢЫРАҚТАРЫНДА ШАТТЫҚ ПЕН БАҚ БЕРЕКЕ ОРНАУЫН ТІЛЕП, ҚҰТТЫҚТАДЫ.
Жаңа төрт қабатты тұрғын үй Қандыағаш қаласындағы «Жаңақоныс» шағын ауданында орналасқан. 3 кіреберістен тұратын үйде барлығы 48 пәтер бар. Оның ішінде 4-еуі бір бөлмелі, 36-сы екі бөлмелі және 8 үш бөлмелі пәтер қарастырылған. Тұрғын үй барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық жүйелермен қамтамасыз етілген. Әр пәтерде жеке автономды жылыту жүйесі орнатылған. Сондай-ақ үйдің жертөле қабаты бар. Болашақта тұрғындар өзара келісім негізінде бұл орынды шаруашылық мақсаттағы бөлмелер ретінде пайдалана алады. Айта кетейік, тұрғын үй құрылысы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылды. Ал құрылыс жұмыстарын «ЗемСтрой и К» ЖШС-і жүргізді. Баспаналар «Отбасы банк» АҚ ы ұсынған тізімдер негізінде бөлінді. Жаңа пәтерлерге 48 от басы ие болды. Олардың қатарында I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар тұратын 9 отбасы, 11 көпбалалы отбасы, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған 14 отбасы, 6 толық емес отбасы және 8 жетім бала бар. Салтанатты рәсімнен кейін аудан әкімі қоныс иелерінің бірінің шаңырағына барып, қуаныштарына ортақтасты. Ақ дастархан басында қонақтарға ағарған ұсынылды. Үй иесі баспаналы болуына қолдау көрсеткен барша азаматтарға шы найы алғысын білдіріп, әр шаңыраққа бейбітшілік, бақ-береке мен молшылық тілеп бата берді.
А.АДЕН
Алдыңғы

