«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНДІ

10-11 маусым күндері Қобда ауданында Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында облыс әкімінің кубогіне арналған спартакиада бағдарламасы бойынша волейболдан жарыс өтті.
Облыс әкімінің кубогіне арналған спартакиада бағдарламасы бойынша волейболдан өткен жарысқа Мұғалжар ауданының командасы қатысты. Тартысқа толы өткен ойындардың қорытындысы бойынша Мұғалжар ауданы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Волейболдан өткен ойындарда Қобда ауданының командасы топ жарса, ІІІ орынға Темір ауданының командасы ие болды.
Мұғалжар аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Ұлан Тлеубаев Қобда ауданында волейболдан өткен ойындарының «Үздік ойыншысы» номинациясына ие болып, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің грамотасымен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

ҚАУІПСІЗДІК — БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar

Аманғос Төлеуовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

admin_mugalzhar

Қазақстанда мыс балқыту зауыты іске қосылады

admin_mugalzhar