«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Сыбайлас жемқорлықпен күрес –ортақ парызымыз

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Мұғалжар аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының 2019-2020 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  іс-шаралар жоспары  2019  жылғы 12 наурызда №10 н/қ бұйрығымен бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі баршамызға белгілі.

Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты — оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы  Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің сақталуына бақылау үнемі жүргізіліп отырады.

Жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне кеңес беру арнайы бөлініп жабдықталған бөлмеде өткізіледі.

Басқармада жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету барысында  санитариялық – эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызмет мамандары және азаматтар арасында тікелей қарымқатынасты  болдырмау мақсатында өткізу режимі енгізіліп,  барлық құжаттарды қабылдау және беру «бір терезе» қағидасына сәйкес жүргізілуі қамтамасыз етіліп, ол қатаң түрде назарда ұсталып отыр.

Қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа,  әр түрлі бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай –ақ тәртіптік жаза қолдануға алып келеді.

Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот,құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы.

 

 

Мұғалжар аудандық Тауарлар мен көрсетілетін

қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы

Ұқсас ақпараттар

Ең ұзақ өмір сүрудің маңызды құпиясы ашылды

admin_mugalzhar

Еш жерде жарияланбаған: Әлия Молдағұлованың 17 жастағы ФОТОсы табылды

admin_mugalzhar

Хабарландыру!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.