«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан Ұлттық банкі 200 теңгелік тиындарды айналымға шығарды

2020 жылғы үлгідегі номиналдық құны 200 (екі жүз) теңгелік монеталарды айналысқа шықты, деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.

Монеталардың дизайны Қазақстан Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 арлығында бекітілген Ұлттық валюта — Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес орындалды.

Биколорлы айналыстағы монеталар дизайнының стилистикасында шығыс және батыс мәдениеттерінің көркемдік элементтерінің үйлесімі көрініс береді.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, айналдыра эмитент елді білдіретін QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY деген жазба бейнеленген.

Монетаның төменгі жағында соғылған жылын білдіретін 2020 деген жазу бар. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде номиналын білдіретін және номинал цифрының кескінін қайталайтын көлденең сызықтар бедері аясында орындалған «200» деген жазу бар.
Техникалық сипаттамалары: Металл құрамы: нейзильбер/нибрасс Массасы: 7,5 грамм
Диаметрі: сыртқы сақинасы — 26 миллиметр, ішкі дискі — 18,3 миллиметр Қалыңдығы — 1,90 миллиметр Қыры: 16 ойықтар.

Айта кетейік, номиналы 200 (екі жүз) теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және айналыстан табиғи тозу шамасына қарай алынады.

Tengrinews.kz

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда утильдік алым мөлшері 50%-ға азайды

admin_mugalzhar

КТО СКРЫВАЕТСЯ ЗА КАДРОМ?

admin_mugalzhar

КӨКТӨБЕДЕ ШАБЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛМЕК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.