«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Хубей провинциясында коронавирустан қаза тапқандардың саны 100-ге жетті

Қытайдағы қауіпті індет коронавирустан қаза тапқандардың саны бір ғана Хубей провинциясының өзінде 100-ге жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті уақыт бойынша, 27 қаңтарда сағат 24:00-ге қарай Хубей провинциясында қауіпті вирусты жұқтырғандардың саны 2 714 адам болған, оның 1590-ы Ухан тұрғындары.

Қаза тапқан 100 адамның 85-і Ухан қаласының тұрғындары.

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған.

Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирус көзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

Ұқсас ақпараттар

Коронавирустың ауыр формасын жұқтырудың тағы бір себебі аталды

admin_mugalzhar

Министерство по чрезвычайным ситуациям создано в Казахстане

admin_mugalzhar

Қазақстан мен ЕО виза беруді жеңілдету бойынша келіссөздерді бастады

admin_mugalzhar