«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Минералды суымен аты шыққан Сарыағашта туризмді дамыту көзделіп отыр

Минералды шипалы суымен әйгілі Сарыағаш шипажайлары ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін жоғарылата түспек, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр минералды судан шипа іздеп келген туристер саны 123 мыңнан асқан болса, биыл олардың саны 15%-ға артады деп күтілуде. Осы мақсатта нақты жоспарлар бекітілген. Бұл мәселелер Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Сарыағаш ауданы әкімінің жылдық жұмыс қорытындысын тыңдау барысында баяндалды.

Бүгінде ауданда 40-қа жуық сауықтыру шипажайы, балалар шипажайлары, гольф клубтар мен 20-дан астам қонақ үй қызмет көрсетеді. Аудан басшысы Мұхит Отаршиев туризмді дамыту барынша жүзеге асырылатынын айтты.

«Құрғақ сөз айтатын уақыт кетті. Нақты және нәтижелі жұмыс болсын. Жүктелген тапсырмалар міндетті түрде орындалуы тиіс. Атқарылатын барлық жұмыстарды қадағалайтын боламын», — деді аудан әкімінің есебін тыңдаған аймақ басшысы Өмірзақ Естайұлы.

Ұқсас ақпараттар

2022 жылға Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды

admin_mugalzhar

Айжан Есмағамбетова: Жұмыс берушілерге ПТР анықтама сұрауды міндеттемейміз

admin_mugalzhar

Ақтөбеде дүкенге келушілер дезинфекциялық «душ» қабылдайтын болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.