«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан Президенті волонтер болудың нағыз озық үлгісін атады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев волонтер болудың нағыз озық үлгісін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау — көне заманнан келе жатқан халқымыздың дәстүрі. Сондықтан, бұл дәстүрді міндетті түрде сақтап қалуымыз керек. Себебі біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын «Асар» дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойынша құндылығын жоймаған ата салтымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді біздің халқымыз. Волонтерлер қызметінің басты мақсаты – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету», — деді елордада Мемлекет басшысы елордадағы «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатында.

ҚР Президенті кезінде Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері жер аударылып, сол қиын-қыстау уақытта халқымыз оларды бауырына басып, бір үзім нанды бөліскенін еске салды.

«Шынайы жанашырлық көрсету – халқымызға тән қасиет. Міне, нағыз волонтер болудың озық үлгісі деп осыны айтуымыз керек», — деді ол.

Айта кетсек, елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатына қатысуда.

Волонтер жылы аясында фронт-кеңсенің ашылуы барысында «QQQAZVOLUNTEER.KZ» онлайн-платформасының қызметі және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыт бойынша алаңдары таныстырылады.

Фронт-кеңсе бүкіл Қазақстанның волонтерлері үшін кеңес беру, әдістемелік, оқыту және ақпараттық орталыққа айналатын болады. Сондай-ақ, ол волонтерлік жобалар мен оқыту бағдарламаларын үйлестіру, мониторинг жасау, волонтерлікті ілгерілету бойынша бірыңғай ақпараттық саясатты жүргізеді және бірыңғай Call-орталықтың жұмысын ұйымдастырады.

Ұқсас ақпараттар

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңына сәйкес Кандыағаш қаласының әкімі лауазымына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін газет бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы

admin_mugalzhar

ЕМБІДЕ РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

admin_mugalzhar

Қазақстанның үш облысынан коронавирус жұқтырған тағы 9 адам анықталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.