«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандықтар табысының тең жартысын азық-түлікке жұмсайды

Қазақстандықтар табысының тең жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайды. Бұл туралы Ranking.kz сарапшыларының зерттеуінде айтылады.

Сарапшылар жариялаған рейтингіде Қазақстан 104 елден тұратын тізімде 96-орында тұр. Қазақстанның алдында Гондурас, Камбоджа, Гана елдері тұр.

«Қазақстанда азық-түлікке жұмсалатын шығынның үлесі — 44,9 пайыз. Рейтингіде көш бастап тұрған елдердің тізімінде АҚШ, Сингапур, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Швейцария, Аустралия және Аустрия бар. Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Германия мен Нидерланды елдері кірді», — делінген зерттеуде.

Осылайша, сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтар табысының жартысын тамаққа жұмсайды. Нәтижесінде оларда ақша жинау мүмкіндігі болмайды дейді.

tengrinews.kz

Ұқсас ақпараттар

Тағы екі облыс коронавирус жұқтырғандар саны бойынша «қызыл аймаққа» енді

admin_mugalzhar

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

СОҒЫС АРДАГЕРІ ҚАЗТАЙ ТЫНЫШТЫҚОВҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.