«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында биыл 9 мыңға жуық пәтер салу жоспарланып отыр

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин халықпен есептік кездесу кезінде 2020 жылы өңірде кем дегенде 1 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 9 мың жаңа пәтер пайдалануға берілетінін айтты.

«Халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы – қолжетімді бағамен сапалы тұрғын үй салу болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 194 млрд теңгені құрады. 1 млн.шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл облыс үшін рекордтық деңгей болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін облыс бойынша 1600-ден астам жер телімі бөлінді, оларға 305 км инженерлік-коммуналдық желілер жүргізілді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ақтөбе қаласы мен Темір, Мәртөк, Байғанин, Шалқар аудандарында жалпы алаңы 22,7 мың шаршы метр болатын жалға берілетін 7 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы аяқталды»,- деді өңір басшысы.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында кезекте тұрған 1 302 отбасы келесі санаттар бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Олар: 70 жетім бала, 328 көп балалы отбасы, халықтың әлеуметтік осал тобына кіретін 463 азамат, 433 — мемлекеттік және бюджет қызметкерлері мен т.б.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері, 2019 жылы «Қазақстан Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі» АҚ тарапынан несие берілетін мүгедек немесе көп бала тәрбиелеп отырған және толық емес отбасыларға бастапқы жарна үшін 166,3 млн.теңге көлемінде 264 тұрғын үй сертификаты берілді.

Жалпы, 2020 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 1 млн.шаршы метрден астам тұрғын үй немесе 9 мыңға жуық пәтер салу, құрылыс жұмыстарының көлемін 215 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2020 жылы 122 көп балалы отбасына тұрғын үй сатып алу үшін 1 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысы үшін 563 шақырымдық инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым салу жоспарлануда, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық.

Ұқсас ақпараттар

Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берді

admin_mugalzhar

Еліміздің түрлі бағыттардағы табыстарға жету мүмкіндігі адами капиталдың сапасына тікелей байланысты, сондықтан Қазақстанда білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға айырықша көңіл бөлініп келеді.

admin_mugalzhar

Енді автокөлікті тіркеу қызметін банк қосымшасы арқылы алуға болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.